Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов 1 шілде күні Орал қаласының жаңа әкімін тағайындады.

20170701170938

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Бұған дейін қала әкімі қызметін атқарған Нариман Төреғалиев 28 маусым күні сенат депутаты болып сайланып кеткен еді. Оның орынына облыс әкімінің өкімімен Мұрат Рахметұлы Мұқаев тағайындалды.

1969 жылы туған ол, Батыс Қазақстан облыстық ауылшаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Фурманов аудандық салық инспекциясында инспектор болып бастаған.

Ол сондай-ақ, әр жылдары бухгалтер, кедендік бақылау департаментінде аға инспектор, кеден бекетінің басшысы, Жәнібек, Теректі аудандарының әкімі қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз:

Депутаттар биыл қайда демалатындарын айтып берді

Сапарбаев шетелдік елшілермен асық ойнап, садақ атты (фото)

Назарбаев Бурабайдағы тым қымбат бағаға реніш білдірді

Бекболат Тілеухан депутаттарға қазақтың көне есебін шешуді ұсынды

Талқылау