Оңтүстік Кореяда 10 адам автобуста тірідей жанып кетті
Оңтүстік Кореяда Ульсан қаласынан алыс емес жердегі автомагистральда 10 адам автобус ішінде отқа оранды, тағы он адам ауруханаға жеткізілді.

Әзірге анықталмаған себептер бойынша, автобустың дөңгелегі атылған, салдарынан жол ортасын бөліп тұрған дуалға барып соғылып, отқа оранды. «РИА Новости» хабарлағандай, он адам көлік ішінен шыға алмай, өртеніп кеткен. Қалған он адам құтқарылды, алайда жарақаттар алған.
Автобуста Hanwha Chemical компаниясының 20 қызметкері болды. Олар Қытайға жасаған ұжымдық туристік сапардан кейін әуежайдан Ульсан қаласына қайтып келе жатқан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда қаңғыбастар қалай өмір сүреді
Атырау облысында жолдарға кәдімгі қойдың жүнін төсеп тастаған
Алматы облысында сәбилер үйіндегі нәрестелерді түнде мүлдем тамақтандырмаған
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген