Атырау облысында жолдарға кәдімгі қойдың жүнін төсеп тастаған

Жұма, 14 Қазан , 2016 8:10

Атырау облысының Қызылқоға ауданында кәдімгі қойдың жүні төселген жолдар бар. Жерінің реңі шағылды-қыратты болып келетін құмды жол көліктердің жүруіне қиындық туғызатындықтан әлдебіреу онсыз да керексіз болып жатқан қой жүнін осылайша кәдеге жаратуды жөн көріпті.

Безымянный

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Қазір жабағы жамылған дала жолында автокөліктер алаңсыз жүйткіп жүр. Айта кеткен жөн, жалпы мұнайлы өңірде қой, түйе жүні мен терісіне тіпті, кезінде алтынға бағаланған қаракөл елтірісіне де мүлде сұраныс жоқ. Қазір Жасқайрат ауылында 40 тоннаға тарта қой жүні жиналуы тұр. Егер бір шарушалықтың өзінде 14 мыңнан астам қой мен 150 бас түйе малы барын ескерсек, қаншама байлықтың рәсуа болып жатқанын көзге елестету қиын емес.

“Мал болғасын, одан өнім алғасын өнімдердің өткенін, содан пайда көргенді тәуір көреміз. Енді бізге мүмкіншілік болса, осы Атырау облысы демейін, Қазақстанның өзге аумақтарында бір зауыт ашып, осы өнімдерімізді өңдейтін арзан да болса, алатын орын болса, мүмкіншілік жасаса дейміз. Тек қана жүн емес, біздің қойдың терілері, қазір қаракөлдің терілеріне де ешқандай сұраныс жоқ”, – дейді «Атырау агроөнімдері» ЖШС бас директорының орынбасары Бауыржан Исақұлов.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында сәбилер үйіндегі нәрестелерді түнде мүлдем тамақтандырмаған

Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Қазақстандықтарға тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың теңге ақша берілетіні жөнінде хабарлама келген

Қытайда әкесі ұлының үстіне құлап кетіп байқаусызда өлтіріп алды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Қалжан says:

    Керемет таза табиғи қойдың жүні. түйенің жүні, Бір өңдеп, тазалап көрпелер жасайтын кәсіпорын ашатын,
    Қап! , есіл ауылдың табиғи таза өнімі. қолдан бағылған қойдың жүнімен терісін өңдеп киім цехын ашатын екен. Сырып тігіп,жуылатын болса,өте сұраныска ие болады,Жеке кəсіпкерлер Қонақүй, сауна ашпай,осындай цехтар, ашып көптеп тігіншілікпен айналысатын, тоқымаға көптеп назар аударғанын қалар едім, тігу, тоқу. тері илеу, Көптеген жұмыс көздері ашылар еді,

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар