Алматы облысында сәбилер үйіндегі нәрестелерді түнде мүлдем тамақтандырмаған

Жұма, 14 Қазан , 2016 7:32

Алматы облысындағы сәбилер үйіндегі нәрестелерді уақтылы тамақтандырмаған. Аталған факті өңірдегі «Шелек» сәбилер үйінде болды.

20161013175433

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Анықталғандай, медбикелер әсіресе түнгі уақытта сәбилерді мүлдем тамақтандырмайды. Есесіне өздерінің ұйықтайтыны белгілі болды. Мұндай сұмдық жайтты анықтауға ғимаратта орналасқан  бейнекамера өз септігін тигізді. Бұл жайында бүгін Алматы облысы прокуратурасының жиынында мәлім болды.

Сондай-ақ жиында 247 ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала баспана кезегіне тұрмаған. Осындай олқылыққа жол бермес үшін Алматы облысы прокуратурасының басқарма басшысы Сәбит Чембеков облыс әкіміне өңір бойынша электронды база жасауды ұсынды.

«Мұндай электронды база ата-ана қамқорлығынсыз қалған әр баланың барлық жағдайын анықтауға өз септігін тигізеді. Мәселен, бір ғана мысал, ол бала баспана кезегіне тұрған не болмаса кезекке тіркелмегені жөнінде  база арқылы анықтайтын боламыз. Бұл ұсынысты мен облыс басшысына айттым, енді бұл жүйе көп ұзамай жүзеге асады деген сенімдемін»,- деді  Чембеков.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Қазақстандықтарға тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың теңге ақша берілетіні жөнінде хабарлама келген

Қытайда әкесі ұлының үстіне құлап кетіп байқаусызда өлтіріп алды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Обал ай,байгус балалардын не жазыгы бар?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар