Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Бейсенбі, 13 Қазан , 2016 22:55

Алматы облысында мал саудалап, артынша мәйіті табылған ағайындылардың өліміне қатысы барлар екеуден көп! Мұны сол қанды оқиға болған Сұраншы батыр ауылының тұрғындары айтып отыр. Ауылға 40 бас сиыр және күдіктілермен қосақтасып келген бір топ бөтен жігітті көргендер де бар екен. Бірақ полиция ұстаған екі адам мен тапқан бір мылтығынан әріге барғысы келмейтін сыңайлы, деп хабарлады КТК арнасы.

пеа

«Менің балам істеген жоқ, менің балам істеген жоқ», – дейді ұлы үш адам өлтірді деп айыпталып жатқан ана. Көршілерінің көзіне түспеуге тырысып, күнде жылаумен жүр. Алты бала өсірген зейнеткер перзентінің өзі пендеге зиян келтіруі мүмкін емес дейді. Айтуынша, біреулер Мұрат Оңалбаевты қорқытқан.

«Менің баламның денсаулығы жоқ. 3-ші топтағы мүгедек. Басында жарақаты бар. Бір көзі жоқ. Өз жанын өзі зорға бағып жүрген жігіт. Бір кісіні ұрып жығатын күші жоқ. Енді ол жерден тірі шыға ма тегі, тәңірім десей?» – дейді күдікті Мұрат Оңалбаевтың анасы Күлән Оңалбаева.

Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият есімді үш ағайынды мал базарынан шыққан бойда екінші күдікті Талғат Сүлейменовтің үйіне кірген. Үй иесінің 20 бас қойы, жылқысы бар екен. Тағы мал алуға банктен сол күні 3 миллион теңге несие рәсімдепті. Ал марқұм ағайындылар мұнда 6 миллион аламыз деп келген. Бірақ күдіктіде қалған ақша болды ма, әлде саудагерлерді алдап әкелген бе, оны сол күйі біле алмадық.

Марқұм 3 жігіт келгенде күдіктінің отбасы төрт көзі түгел үйінде отырған. Бірақ ешбірі де оқиға туралы тіс жармай отыр. Десе де, сол күні ауылға сиырмен бірге еріп келген бір топ бөтен адамды көргендер көп.

«4-5 жігіт болған. Бұл ауылдың жігіттері емес, сырттікі бәрі. Осы үйдегі балалармен сөйлесті», – дейді Сұраншы батыр ауылының тұрғыны Шәмен Қырғызбаев.

Бас сиырдың тең жартысын үйлерінде қалдырса, ал қалған жартысын жүк көліктеріне тиеп күдіктілер міне осы жолмен тауға қарай әкетіпті. Ал тауға кіреберіс жерде шекара заставасы тұр. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, қазақ-қырғыз арасын күзеткендердің түн ортасында оларды көрмеуі мүмкін емес. Сол себепті, осы қанды қылмысқа қатысы бар өзге де сыбайластарды іздеп табуға шекарашылар да көмектессе деп отыр.

Қандықол ұрылар арам ойын осы таудың ішінде іске асырған. Әзірге екі адам қамауда отыр. Ал полицияның бір мылтықтан басқа дәйегі де жоқ сыңайлы. Тергеудің басталғанына үш аптадай уақыт болса да, сараптама нәтижесін әлі күтіп жүрміз деп бізге жалтарма жауап берді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтарға тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың теңге ақша берілетіні жөнінде хабарлама келген

Таиландта тарихтағы ең ұзақ уақыт ел басқарған король көз жұмды

Неліктен қазақстандық оқытушылар мектепте хиджаб киюге қарсы

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар