Алматыда қаңғыбастар қалай өмір сүреді

Жұма, 14 Қазан , 2016 9:18

Алматыдағы әлеуметтік бейімдеу орталығына келіп жатқан белгілі тұрағы жоқ адамдар қаңғыбастар саны күн сайын өсуде. 2 апта ішінде олардың саны 150-ге жеткен. Ал, барар жер басар тауы жоқ қаңғыбастар қыс түссе түгелдей осында жиналады.

96369b7d701577279ecd991048a9594c

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.
Бұл қоршаудың арғы жағындағы өмір мүлдем басқа. Панасыз қалған пенделер мен қала көшелерінде күн көретін қаңғыбастарға қамқорлық көрсететін бірден бір мекеме осы. Қыс мезгілі жақындап, қара суық түсе бастаған кезде қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына келіп жатқан белгілі тұрағы жоқ адамдардың саны көбеюде. Қазірдің өзінде 150 кезбе келген. Қыс ортасында олардың саны 300- ге дейін жетеді.

“Бізде 2 әлеуметтік патруль бар. Шығып Алматы мен Алматы облысына патруль жасайды. Халықтан қоңыраулар түсіп жатады. Шақыртумен барамыз. Учаскелік полициялар алып келеді адамдарды. Больницалардан жібереді. Сөйтіп қабылдаймыз”,- деді Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу директорының орынбасары, Бауыржан Умуров.

Орталықта 5 жылдан бері жатқан әйел әлі күнге дейін Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр. Ел егемендік алған кезде төлқұжатын ауыстыра алмапты. Үкімет оған айыппұл салғандықтан, ақшасын төлеп, құжат жасатуға мүмкіндігі жоқ. Бастарында дәл осындай мәселесі бар 27 үйсіз бар бұл жерде.

“Жеке куәлік жасатуым керек. Зейнетақымды алуым керек. Мен 51 жасқа келдім. Мұндай паспортпен маған еш жерде ештеме бермейді. Талай жерге бардым, тырыстым. Пысқырыпта қараған жоқ”,- деді Елена Петренко.

Орталық басшылығы қаңғыбастардың құжатын түгендеп, қатарға қосуға кейбір мемлекеттік мекемелер тарапынан ынта жоқ,- дейді. Қаңғыбастардың еш құжаты болмаса да, бастарында айыппұл бар. Кейбіреуін жұмысқа алмайды, кейбірі еңбекке жарамсыз. Сондықтанда, ақша тауып, құжат алуға жағдайлары  мүлдем жоқ. Мәселе бұл ғана емес.

“Ең басты мәселе – әйелдер бөлімінде аралас жатады. Заң бойынша жаңадан түскен адамдар 10 күнге дейін изоляторда жату керек. Оның жаңағы диагнозы анықталмайынша, соны тексермейінше олар изоляторда жату керек. Оның ішінде ауруы да, сырқаты да бар. Ал, бізде бәрі аралас. Сол бізде үлкен мәселе”,- деді Медбике, Бақытгүл Биасылова.

Бүгінде Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығындағы адамдарға 4 уақыт тамақ беріледі, әрі қажетті дәрі-дәрмегін алады. Олардың әрқайсысына күніне шамамен 1000 теңге көлемінде қаражат жұмсалады.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда сәтсіз жасалған сүндет үшін 6 жастағы баланың анасы емханамен сотқа берді

Атырау облысында жолдарға кәдімгі қойдың жүнін төсеп тастаған

Алматы облысында сәбилер үйіндегі нәрестелерді түнде мүлдем тамақтандырмаған

Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
16.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар