Қостанайлық дәрігерлер 6 жасар балаға не себепті сәтсіз ота жасалғанын түсіндірді

Жұма, 14 Қазан , 2016 9:07

Сәтсіз сүндеттің салдары. Қостанай тұрғыны шаһардағы «Андрофарм» жеке меншік емдеу мекемесін сотқа берді. 6 жастағы баланың ата-анасы  сапасыз қызмет көрсеткен тараптан 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы талап етіп отыр.

78522ca3bc8c83a011cb1d366c5ef474

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Қала тұрғыны 6 жастағы баласын сүндетке отырғызу үшін былтыр тамыз айының басында жергілікті жекеменшік емханаға апарғандығын айтады. Ақшасы төленіп, ақ халаттылар жасөспірімге ота жасайды. Алайда, балғынның аталық мүшесіндегі жара жазылмай, асқынып кеткен. Талапкер тарап өздерін көрсетуге қарсылық танытты.

Бұған дейін сүндет жасап жағдайы нашарлап кеткендіктен анасының емханамен соттасып жатқанын хабарлаған едік.

Ал, отыз жылдық тәжірибесі бар «Андрофарм» емханасының бас дәрігері Сағынтай Торғаев жылына 400-ге жуық баланы сүндетке отырғызатындығын айтады. Бірақ ешкімнен ешқандай шағым түспеген. Отадан кейінгі баланың тез арада оңалып кетуі ата-анасына байланысты. Егер жараға дер кезінде тиісті сұйық дәрілер жақпаса, бірден асқынып кетеді,- дейді хирург-дәрігер Сағынтай Торғаев.

“Егер жараны дұрыс таңып, дұрыс дәрілер жақпаса, асқынып кетеді. Тіпті іріңдеп кету қаупі бар. Бұл бала  дәл осындай жағдайға тап болып отыр. Сондықтан ата-аналардың өздері және сүндетке отырғызатын баласын алдын-ала дайындап әкелуі тиіс. Аяқасты ота жасалмайды ғой”, – дейді «Андрофарм» жеке емханасының бас дәрігері

Тұрғынның шағымынан кейін аймақтағы медициналық және фармацевтика саласын қадағалайтын департамент өкілдері жеке емханаға тексеру жүргізіп, өзге өңірден арнайы сарапшылар шақыртқан.

Тексеру барысында «Андрофорам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің балаларға медициналық қызмет көрсету лицензиясы болмағандығы анықталыпты. Малика Шөкім, облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаментінің заңгері: «Андрофоарм» ЖШС  балаларға медициналық қызмет көрсету бойынша лицензия болмаған. Шағымның негізінде Қарағандыдан арнайы жоғары санаттағы дәрігер сарапшы шақыртылды. Сонымен қатар тексеріске біздің департаменттің өкілдері де қатысты.

Соттың мәліметіне сүйенсек, Қостанайда 2005 жылы ашылған жекеменшік емханада сәтсіз жасалған ота осымен екінші рет қайталанып отыр. Осыдан алты жыл бұрын баласын сүндеттеуге әкелген қала тұрғыны емхананың қызметіне көңілі толмай, сотқа талап-арыз түсірген.  150 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруге арызданған ана кейін шағымын кері қайтарып алған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Оралдық жезөкшелер декреттік демалысқа шықпастан “еңбек етеді”

Қазақстандықтарға тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мың теңге ақша берілетіні жөнінде хабарлама келген

Неліктен қазақстандық оқытушылар мектепте хиджаб киюге қарсы

Өлімге соқтырған апат: Полицейдің әйелін түрмеден ерте шығарған сот шешімі наразылық туғызды

Алматыдағы қанды теракті бойынша Руслан Күлекбаевпен бірге тағы 5 адам сотта жауап береді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар