Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиадаға жолдама алған павлодарлық спортшы соғыс ардагерінің батасын алды

Ертіс өңірінің спортшылары Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында ардагерлердің шаңырақтарына бас сұғып, қал-жағдайын сұрады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

батаааа

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жолдама алған балуан Дәулет Шабанбай соғыс ардагері Әнуарбек Құсайыновтың шаңырағында болды. Айта кетейік, Дәулет еркін күрестен Азия чемпионатының күміс және төрт дүркін қола жүлдегері. Ол тамызда алты құрлықтың кіл мықтылары сынға түсетін бәсекеде үздік көрсеткішке ие болуды мақсат етіп отыр. Сондықтан, ақсақалдың ақ батасын алуды жөн санапты.

«Арда ағалардан бата алу бойға рух, білекке күш береді. Батыр бабаларымыз болмаса, бүгінгі бейбіт өмірді көрмес те едік. Бүгінгідей Тәуелсіз еліміздің намысын өзге құрлықтарда қорғауымыз – осы ақсақалдарымыздың арқасы ғой», – дейді Шабанбай.

90 жасты еңсерген Әнуарбек Құсайынов Павлодар қаласында тұрады. Екінші Белоруссия фронтында, 3-ші танк дивизиясы құрамында атқыш ретінде ерлік көрсеткен. Майдангер Германия, Польша, Белоруссияны азат еткен. «Қызыл жұлдыз», Ұлы Отан соғысының 2-ші деңгейлі ордені және өзге марапаттардың иегері спортшыға ақ батасын беріп, жеңіс тіледі. Жеті бала тәрбиелеп, өсірген Әнуарбек ата бүгінде 10 немере мен 9 шөберенің қызығын көріп отыр.

«Спорт саласындағы жаңалықтарды қалт жібермеймін. Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиаданы асыға күтемін. Қазақ елінің намысын қорғайтын қыз-жігіттерге жанкүйер боламын», – дейді Құсайынов.

Талқылау