Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионына 250 мың АҚШ доллары және үш бөлмелі пәтер беріледі

Рио-де Жанейро Олимпиадасының басталуына екі күн ғана уақыт қалды. Ел сенімін арқалаған 104 спортшыдан жанкүйерлер үлкен үміт күтеді. Сондай-ақ осы спортшылар жүлделі оралған кезде қаншалықты сыйақы алады екен деген сұрақтың көпшіліктің көкейінде жүр.

репка

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

“Қазақстан Олимпиадада ойындарында алтын медаль алған спортшыға 250 мың доллар, күміске – 150 мың доллар, қола медаль алған спортшыға – 75 мың доллар сыйақы тағайындап отыр. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚР заңына сәйкес Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне жергілікті әкімдік тарапынан пәтер беріледі. Тисінше, чемпионға үш бөлмелі пәтер, күміс медальға екі бөлмелі, қола жүлде алған спортшыға бір бөлмелі пәтер беріледі”, – дейді Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев.

Аталған заңның 47-бабында анық жазылған. Пәтерге тек Олимпиада ойындарының жеңімпаздары ғана емес, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері де қол жеткізе алады.

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының спортшыларына тұрғын үй аталған адамдарға меншік құқығымен беріледі.

Бір Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарында біреуден көп медаль жеңіп алған адамдарға жергілікті атқарушы органнан бір рет тұрғын үй алу құқығы беріледі.

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдар спортшының тұрғылықты жеріне және алған орнына қарай республика қалаларынан алып береді.

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері үшін мынадай шарттар белгіленеді:

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған чемпионға – үш бөлмелі пәтер;

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған чемпионға – екі бөлмелі пәтер;

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алған чемпионға – бір бөлмелі пәтер.

Айта кетейік, Қазақстан Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына сыйақы беру мөлшерінің көлемі жағынан әлемде үшінші орында тұр. Біздің елдің алдында Әзірбайжан мен Тайланд бар.

Төрт жылдықтың басты додасы Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы олимпиадаға 17 спорт түрінен 104 спортшысын алып барды.

Оқи отырыңыздар:

Риодағы Олимпиаданың ашылу салтанаты дағдарысқа байланысты дүркіреп атап өтілмейді

Қазақстандық спортшылар Риодағы алғашқы әсерлерімен бөлісті (видео)

Қазақстандық боксшылар Риода қарсыластарынан құпия жаттығуда

Талқылау