ОҚО-да бес жасар баланы ұрлағандарға қатысты сот үкімі шықты

Жексенбі, 17 Шілде , 2016 11:30

Оңтүстікте бес жасар баланы ұрлағандар 7 жылға сотталды. Топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы жасалған қылмысты іс Түлкібас аудандық сотында қаралды, -деп жазады otyrar.kz.

әйелдер

Тергеушілердің мәліметінше, сотталушы Қойшыбекова өзінің танысы Әділовамен сөз байласып, бала ұрлауды жоспарлайды. Кейін сот барысында айыпталушы азаматша баласы жоқ болғандықтан, ұрлаған бүлдіршінді өзіне алып қалғысы келгенін айтады.

Қазіргі таңда екі әйелде де айыпты деп танылып отыр. Олар 7 жылға сотталып, жазаларын жалпы режимдегі түрмеде өтейді.

Еске салайық, бұл қылмыс 2016 жылдың көктемінде болған еді. 29 наурыз күні кешке Түлкібас аудандық ішкі істер бөліміне ауылдағы учаскелік инспектордан суыт хабар келіп түседі. Тәртіп сақшысы Састөбе аулында 5 жасар баланың жоғалып кеткенін мәлімдейді.

Оқиға орнына тез арада жеткен жедел-тергеу тобы сағат 17:30 шамасында 2011 жылы туған балақай ойын қуып, үйінен шығып, қайта оралмағанын анықтаған.

Полицейлер баланы көрген азаматтар мен өзге балардан сұрастыру барысында жоғалған бүлдіршінді балмұздақ және тәттілер алып беремін деп, белгісіз әйел өзімен бірге алып кеткенін анықтайды. Тәртіп сақшылары тез арада барлық полиция бекетіне баланың жоғалғаны жайлы бағыттама жолдап, бұл фактіні сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркейді.

Жедел іздестіру іс-шараларын жалғастырған полицейлер санаулы сағаттардан соң жоғалған баланы көрші ауылдағы күдіктінің үйінен тапты. Бүлдіршінді алып кеткен 30 жастағы Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары баланы дені сау, ешбір зақым келмеген күйде ата-анасына табыстады. Жоғалған баланың ата-анасы Түлкібас ауданының полицейлеріне кәсіби шеберліктері үшін алғыс айтты.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар