Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО әкімі Олимпиада жеңімпаздарына пәтер сыйлап, джип мінгізді (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Рио олимпиадасының жеңімпаздары – күміс және қола медаль иегерлері Жазира Жаппарқұл мен Отгонцэцэг Галбадрахты қабылдап, спортшыларды марапаттады.

20160831194503

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыс әкімі халықаралық бәсекеде еліміздің намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен спортшы қыздарға «Нұрсат» шағынауданынан екі және бір бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстап, кәсіпкерлердің атынан “Toyota Land Cruiser 200” және “Toyota Land Cruiser Prado” джип автокөліктерін мінгізді.

20160831194446

“Сіздер Рио олимпиадасында өнер көрсетіп жүргенде барша жерлестеріміз жанкүйерлік танытып, күні-түні тілеулес болды. Сондықтан бұл сый-сияпатты бүкіл Оңтүстік жұртшылығының атынан берілген алғыс деп біліңіздер”, – деді Б.Атамқұлов.

20160831194442

20160831194343

Өз кезегінде, спортшы қыздар – Жазира мен Отгонцэцэг саланы дамытудағы қолдаулары үшін облыс әкіміне алғысын білдіріп, 2020 жылы Токиода өтетін халықаралық олимпиадада ел үмітін ақтап, барын салатындықтарын жеткізді.

20160831194333

Спортшылармен болған кездесуде аймақ басшысы соңғы жылдары өңірімізде ауыр атлетика мен күреске айрықша көңіл бөлініп, аталған спорт түрлерімен жастардың көптеп айналысып жатқанын жеткізді. Салауатты өмір салтын ұстануға Елбасының да жете мән беріп, көңіл бөлуінің арқасында әр ауылдан спорт кешенін ашу жұмыстарының жүріп жатқанын айтқан облыс әкімі халқымызды бұқаралық спорт түрлеріне жиірек тарту басты мақсат екенін алға тартты.

20160831194338    20160831194451

20160831194456

Оқи отырыңыздар:

Жазира Жаппарқұл Олимпиада жүлдесі үшін алған ақшасын сіңілісінің еміне жұмсамақ (видео)

Галбадрах Отгонцэцэг қазақ халқына қазақ тілінде алғыс айтты

Оңтүстік халқы Рио Олимпиадасына қатысқан спортшыларды күтіп алды (фото)

Жазира Жаппарқұл алтын алмауының себебін түсіндірді

Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды

Талқылау