“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)

Сейсенбі, 15 Қараша , 2016 14:39

Атышулы “Ninety one” тобы гастролдік сапар барысында концерттен бөлек, әр қалада фан-митинг, яғни тыңдармандарымен кездесу өткізеді. Жуырда топ қарағандылық жанкүйерлерімен жүздесті, деп хабарлайды Stan.kz.

ninety_3

Кеш барысында Q-pop жанрында ән салатын атышулы топ мүшесі Ace халық әні «Бір баланы» орындап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Тыңдармандары “Ninety one” тобынан мұндайды күтпесе керек-ті, топ солисі әнді бастай салысымен-ақ қошемет көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік,  бұған дейін атышулы топтың бірнеше қалаларда (Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда) концерті өтпей қалған еді. Өздерін жастар өкілдеріміз деп таныстырған тұрғындар аталмыш топтың имиджінің қазақ сахнасына сай келмейтінін, жастарды теріс бағытта тәрбиелейтінін айтып шағымданған-ды. Ал сүйікті әншілерімен кездесе алмай қалған топ жанкүйерлері петиция жариялап, қол жинауға кірісті. Ал қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Сәкен Майғазиев 91 тобы туралы 9 жағымды пікір білдірді.

Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Үш қабатты зәулім үй: Бүркіт пен Айша қалай тұрып жатыр? (фото)

Асхат Садырбай Ерке Есмаханға жауап берді: Әркімнің өз ақиқаты бар

Жанболаттың Жазирасы бойдақ тыңдармандарын табыстырудың жолын тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
25 күні 4 сағат кері

ангелочек мойЭйс❤

Анонимно
25 күні 9 сағат кері

Керемет . Аркашан алга . Мен 91 тобын колдайм

Анонимно
25 күні 22 сағат кері

неге сіздер .Ninety one. тобына қарсы келесіздер неге Төреғали Төрəлі ге қарсы келу керек бізді ұятқа қалдыруда əр кімнің өленің ұрлап

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар