Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев пен Путин Сирия келіссөздерінің қорытындысын талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Астана процесін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сурет: Алау-ТВ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында биылғы 30-31 қазанда Астанада Сирия мәселесі бойынша өткен халықаралық кездесудің кезекті раундының қорытындыларын талқылады. Тараптар Сириядағы жағдайды толығымен реттеу үшін Астана процесін әрі қарай жалғастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Президенттер, сондай-ақ, биылғы 9 қарашада Челябинск қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысын қарастырды. Бұдан бөлек, екі елдің көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастардың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне назар аударды.


Жіберіп алмаңыз:

Қырғызстандық балалар Атамбаев пен Назарбаевтан татуласуларын өтінді

ОҚО-да жезөкше болуға көнбеген қыздарын ата-анасы үйден қуып жіберген (видео)

Қазақстанда жаңа жол белгілері пайда болды

Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді

Талқылау