Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нәресте ана құрсағында жатқанда 3 қасиетке ие болады

Теңіз құрты жұмыртқадан шықпай жатып жемтігін тани алады. Балапандар да жұмыртқаны жарып шықпай тұрып енесінің даусын таниды. Сол сияқты адам баласы да құрсақта жатып бірнеше қасиетке ие болады.

12677815-Depositphotos_50053295_original-1470215159-650-914209f134-1480345431

1. Дәм сезеді

Белфаста патшалық университетінің профессоры Питер Хеппер осы жайтты зерттеп көрді. Ол әріптестерімен бірге анасы босанар алдында сарымсақты көп жеген және мүлде жемеген 33 балаға зерттеу жасады.  Сарымсақ адам ағзасында ұзақ уақыт сақталатындықтан құрсақтағы сәби сұйықтықты жұта отырып, дәм сезе алады. Бұл 10 апталығынан басталады. Сондай-ақ бала анасының қаны арқылы да дәм сезу қасиетіне ие бола алады.

Анасы жүктілік кезінде сарымсақ жеген балалар 8-9 жасында сарымсақты сескенбей жейтін болады. Мамандар аналарға сәбіз шырыны мен су ішкізіп көрді. Кейін баланың қылығын байқай отырып, оның құсақта жатып-ақ сәбізді жақсы көріп кететінін анықтады.

Баланы өмірге келгенде ана сүтімен емізеді. Сәби құрсақта жатқан соңғы 30 күнде немесе одан көп уақытта ана сүтінің дәмін сезіп үйренеді. Егер дәмі басқа болса, жақтырмай тартынады. Бұл адамдарда да, жануарларда да солай қалыптасқан.

12677865-Depositphotos_42551751_original-1470215246-650-43f9b0cb72-1480345431

2.Дауысты есту

Фин ғалымдары зерттеу жүргізіп, босану мерзімі жақындағанда бөбекті бөлеу әнін тыңдаған бір топ аналарды тексеріп көрді. Екінші топ аналар ән тыңдамайды. Ғалымдар сәбидің миының жұмысын тыңдайды. Құрсақта жатып ән тыңдаған сәбилердің миы оны өмірде алғаш ре тыңдағанда қатты дабыл берген. Тіпті ән қате орындалғанда да, реакция береді. Ал, ән тыңдамаған әйелердің балаларың миы бір қалыпта тұрған. Олар әннің қате орындалғанына да еш әрекет білдірмейді.

12677915-Depositphotos_8886544_original-1470215896-650-6ddcbf2b3c-1480345431

3.Тілді түсінеді

Нью-Йорк университетінің психологі Атена Вулуманос жаңа туған сәбилердің реакциясын тіл мен өзге де дыбыстарға зерттеп көрді. Сәбилер белгілі бір тілде сөйлеген сөзге мән беріп, өзге дыбыстарған басқаша реакция берген.

Одан бөлек сәбилер ана тілін өзге тілден қарағанда сүйіп тыңдайды. Ата-анасы ағылшын тілінде сөйлейтіндердің балалары француз тілімен салыстырғанда ағылшын тілін мән беріп тыңдаған. Сол секілді француз тілінде сөйлейтіндердің балалары орыс тілін жақтыра тыңдамайды.

Нәтижесінде балалардың өз тілін анасының сөзінен ғана емес, өзгелердің сөзінен де аңғаратынын белгілі болды. Зерттеу нәтижесі ананың жүктілік кезінде құрсақтағы баласына көп көңіл бөлу керектігін ескертеді. Жүктілік кезінде бөлме іші үнемі шулы болса, баланың кейін тілді үйренуі қиын болады.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Жасыңызға байланысты құрсақ көтеру мүмкіндігіңізді тексеріп көріңіз

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас іштегі сәби үшін пайдалы

Жүктілік кезінде ескеретін дүниелер

Талқылау