Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу үшін жалақы қанша болуы қажет?

Бейсенбі, 17 Тамыз , 2017 22:13

Ипотека нарығына жан біте бастады! Ал, бұған «Нұрлы жер» себеп дейді мамандар. Өйткені, дәл осы мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алушылар саны күрт көбейген,-деп жазды КТК арнасы.

үй

Сәйкесінше, еліміздегі ипотекалық қарыз қоржыны 1 триллион теңгеден асып, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатып отыр. «Нұрлы жер» бойынша енді үлес құрылысқа да кепілдік берілетін болса, үй саудасы одан бетер қыза түседі деп күтілуде.

2 жылдай орнынан жылжымай қалған ипотека нарығына өткен жылдың аяғында ғана жан біте бастады. Міне, көп ұзамай бұрын-соңды болмаған рекорд орнатып отыр. Ranking.kz-тің мәлімдеуінше, маусымда еліміздегі ипотекалық қарыз көлемі 1 триллионнан асқан. Яғни, тек 1 айдың ішінде ол 1,4 пайызға көбейіпті.

Бұған елордалықтардың қосқан үлесі зор. Астанада тек маусымдағы айлық өсім 4,8 миллиардты құрады. Сөйтіп, ондағы жалпы ипотекалық қарыз 229 миллиардқа жеткен. Екінші орында Алматы тұр.

Мұнда қарыз соммасы 3,3 миллиардқа көбейіп, жалпы көлемі 300 миллиардтан асқан. Үштікке кіретін Ақтөбеде бір айда 885 миллион ипотекалық қарыз қосылып, жалпы сомма 53,5 миллиардтты құрапты. Жағдайға оң әсер еткен «Нұрлы жер» дейді мамандар.

Осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері 6,2 миллион шаршы метр аумақты қамтитын баспана пайдалануға беріліпті.

Әрі жылдық үстемақысы да 10 пайыз. Бірақ, екінші деңгейлі банктердің бұл реттегі белсенділігі тым бәсең. Несиені оңды солды таратып жатқан тек мемлекеттік қаржы ұйымдары.

«Азаматтардан 1,9 миллиард теңге көлеміндегі соммаға өтініш түсті. Біз соның 1,7 миллиардын мақұлдадық. Негізі, бағдарлама бойынша 2017-2018 жылдары 120 миллиард теңгелік портфельді қамтуымыз керек. Біз қазір бастапқы кезеңде тұрмыз»,-дейді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Қажымұратұлы.

Ал, «Нұрлы жер» бойынша баспана алу үшін азаматтардың жалақысы кемі 140-150 мың болуы керек екен. Мұндай қаржының өзімен қыдыруды доғарып, үйде отыруға тура келеді.

«140-150 мың теңге көлеміндегі жалақының 40 мыңын жинап отыру керек. Сөйтіп, кафе, мейрамхана дегенді ұмытқан жөн. 40 мыңнан құйса, оған мемлекеттік сыйақы мен банк беретін 2 пайыз қаржы қосылып,  жыл соңына дейін 600 мың жиналады. Ал 3 жылда 1 миллион 800 мың теңгеге жетеді»,-дейді «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма басшысы Ләззат Ибрагимова.

Салынатын үйлердің сапасы да бұдан былай қатаң бақылауда болмақ. Оны тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалау жүзеге асырады.

Ал, анықталған кемшілікті 2 жыл ішінде құрылыс компаниясы мойнына алуға міндетті. Айта кетсек, жақында «Нұрлы жер» бойынша үлес құрылыс қатысушыларына кепілсіз несие берілетін болады. Оған құжат қабылдау қыркүйектен басталмақ.

Оқи отырыңыз:

Мамандар 35 мың тонна қарбыздан құрт табылғанын растады

Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Астанада қаршадай қызды зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

Ресейлік танымал актриса өмірден озды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Anonymous says:

    1 миллионға жұмыс істемей очередьке турмай алып жатыр гой

  • Anonymous says:

    ауылдық жерлерде 150 000 жалақыны сирек алады. Бұл бағдарлама неге халыққа қолжетімді емес. Олай болса сәйкесінше жалақыны көтерсін

  • Anonymous says:

    150000 айлығың болмаса үйді армандама дегені ма сонда? Өте өкінішті

  • Anonymous says:

    Халыкты ойыншык коре ме? 50мын айлык алмайтындар каншама?

  • Anonymous says:

    Қайдам, Қызылорда да 150 алсамда алалмай жургениме неше айдың жүзі болды бари ақша, таныс тек, қайта 50 мын алатын бир таныс мугалимим алды. Осы уйлерди алып жатқан адамдарға қатаң тексеріс жасайтын адам жокпекен,

  • Anonymous says:

    Байғұс мен сияқты 50 000 алатын мұғалімдер бұл жоба туралы ойламаса да болады екен ғой, өте өкінішті.

  • Anonymous says:

    Кем дегенде 150 дидыго…
    80 алатындарш…

    • Anonymous says:

      30мын айлык алатындар не истейди? Ит омир-ай

    • Anonymous says:

      140-150мыннан томен алатындарга, мемлекет “Армандапсын кок токты, кыстын куни кок шопти”-деп ойлаган шыгар

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар