Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар 35 мың тонна қарбыздан құрт табылғанын растады

Астаналықтар жаппай уланудан аман қалды. Елорда базарларының бірінде сараптама кезінде қарбыздан құрт шықты, деп хабарлайды КТК.

2-450x270-1

Желіде тараған видеода ақ халатты әйел «Алаш» базарында ОҚО-дан жеткізілген қарбыздарды кесіп, оның жеуге жарамсыздығын көрсетеді.

35 тонна қауіпті қарбыз Оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген. Ал құрт түскен өнім денсаулыққа қауіпті. Қауын құрты аталған паразит негізінен қауын, қарбыз, тіпті қиярға түсіп, жұмсағымен қоректеніп, өнімді іштен шірітетеді екен.

“Бұл оқиғадан хабардармыз. Анықталған карантинді паразитке жататын қауын құрты. Бақша дақылдарына көп түседі. Еліміздің оңтүстік өңірі және жалпы Орталық Азияда кеңінен тараған. Министрлік құрт түскен қарбызды басқа базарларға тарауының алдын алып, толық жойды”, – дейді ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Ержан Айнабеков.

Тағы да оқыңыз:

Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Астанада қаршадай қызды зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

Ресейлік танымал актриса өмірден озды

Талқылау