Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушысын өлтірді деген Балқаштық әншінің ісі сотқа қайта түсті

Облыстық мамандандырылған сотқа 14 жастағы мектеп оқушысы Виктория Шевкунованы өлтірді деп айыпталған Станислав Кимнің ісі қайтадан келіп түсті.

1426766682_swsd6w2vypo

Сурет timeskz.kz

Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

Еске сала кетсек, оншақты пышақ жарақаты түскен Виктория Шевкунова 2014 жылы 7 қарашада Балқаштағы орталық саябақтан табылған еді. Қасында ұялы телефоны және пышақ болған. Ауыр жарақаттардан және көп қан жоғалтудан оқушы ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Өлімге күдікті ретінде 19 жастағы Станислав Ким айыпталған. ол музыкалық фортепиано сыныбында оқыған. Қалалық концерттер мен қайырымдылық акцияларына жиі қатысып отырған.

Соңғы қоңырауды Ким соққан. Сондай-ақ, жігіттің күртешесінен қыздың қан тобымен бірдей қан да табылған. Сотта қыздың әпкесі Викторияның Киммен дүкенде танысқанын айтты. Ким кеңесші болып жұмыс істеп, оған телефон таңдауға көмектесіпті.

Алғашқыда туыстары Викторияны Айфон телефоны үшін өлтірді десе, кейінірек Станислав Ким өлтіруі мүмкін деген нұсқаға көшкен. Өлімнің себебі қыздың Киммен кездесуге қарсылық білдіргені болуы мүмкін. Тергеушілер қыз бен жігіттің әлеуметтік желідегі хаттарын да тексерген.

“Мен Викториямен саябақта кездесеміз деп келіскенім рас. Бірақ, белгіленген жерге келгенде мен оның айқайлаған дауысын естіп, көмек шақырдым. Қансырап жатқан оған жүгіріп барып, жасанды дем жасай бастадым. Бірақ, оның денесі де, ауызы да қан болды. Кеудесін басып есін жинатқандай болдым. Жарақатынан маған қан шаншырап кетті. Бір кезде өтіп бара жатқандар мені көріп “Өлтіріп жатыр!” деп айқайлады. Қорыққаннан қаша жөнелдім”, – деді сотта Станислав Ким.

Сот жігітті ақтап үкім шығарған. 2015 жылы көктемде бұл үкімді шағымды қайта қарау адвокаттары жоққа шығарған. Сондықтан, іс сотқа қайта түсіп отыр. Сот отырысы 23 мамырға белгіленді.

Талқылау