Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында 10-сәбиіне аяғы ауыр әйел қайтыс болды

Бұл оқиға 1 сәуір күні Маңғыстау обылысының перианатарлы орталығында болған. 40 жастағы әйелдің артында 4 баласы қалды. Бұл оның 10-жүктілігі екен.

Беременная-563x353

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Руслан Бектубаевтың айтуынша, ол әйелдің бүйрегінде тас болғандықтан, бүйрегінің бір жағы мүлде жұмыс істемеген. Оның үстіне, өзі есепке 30 апталығында кеш отырған. Үнемі тұрғылықты жерін ауыстырып отырғандықтан, уақытында тексеріске де келмеген. Сондықтан дәрігерлер оның жағдайын анықтай алмапты.

Көз жұмған әйел 5 бала босанып, 4 рет түсік жасатқан. Босанған баласының бірі шетінеп кеткен. Қазір оның артында 19, 15, 9 және 3 жастағы балалары қалды. Мұнайлы ауданында хабарлағандай, қайтыс болған әйел Өзбекстаннан Қазақстанға 2009 жылы көшіп келген екен.

Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау