Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукин Ақорда қақпасына соғылған Porsche көлігіне қатысты пікір білдірді

Өткен аптада Porsche Cayenne көлігін жүргізген полиция қызметкері Ақорда қақпасына соғылып қалған еді. Орын алған жол-көлік оқиғасы туралы бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Лукин көлікте болған полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылғанын айтты. Ал оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін сот шешеді. Прокурордың орынбасары полиция қызметкерлерінің қақпаға әдейі соғылмағанын атап өтті.

«Бұл апат тайғақтың салдарынан болған кездейсоқ жағдай», – деді Лукин журналистерге.

Ол апат салдарынан келтірілген шығынның қанша болатынын айтпады. Себебі оған әлі зақымдалған автокөлікке жұмсалатын шығынды да қосу керек. Ал оны Porsche көлігінің иесі төлемек.

Естеріңізге сала кетейік, президенттік резиденцияның қақпасына полицияның аға лейтенанты жүргізген Porsche Cayenne көлігі соғылып қалды. Апатқа кінәлі полицей мен оның тікелей басшысы қызметтерінен босатылды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде мектеп оқушыларына бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтін беруі мүмкін

Ақтөбеде автобус өртінен көз жұмған 52 өзбек азаматы жер қойнына тапсырылды (фото)

Қазақ ақсақал теріден қалай шаңғы жасайтынын айтып берді (видео)

Шоқыну мерекесін православие қау­ымынан асып тойлайтын қазақтар елді ашуландырды

Талқылау