Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Луина азаматтық некеде болған кезінде болашақ енесімен бірге тұрып, оны “мама” деп атағанын мойындады  

Батыл әрі ашық образыдарымен танымал әнші Луина «ұят» ұғымын сәннен қалған деп санайды. Бұл тақырыптың баяғыда маңызын жоғалтқан, дейді ол.

Луина

Бұл туралы «Домашний очаг» журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Бейонсенің парақшасында миллиондаған «лайк» бар. Алайда мыңдаған «дизлайк» та табылады. Тіпті, оның да хейтерлері жоқ емес.

Мен өзімнің дәстүрлі қазақ әншісі екенімді түсінемін. Бірақ мұны әдейі жасамаймын.

Біздің артистер – халықтың айнасы іспетті. Тыңдармандар әншіге біржақты қарайды. Алайда өзіңнен бастау керек. Егер артист Республика сарайында концерт өткізгеннен де жоғары дүние жасаса, ертелі-кеш мұны байқайды. Біздің тыңдармандар талғампаз емес. Тиісінше, артистер де барын салып жұмыс жасамайды.

Ал әншінің әдеп кодексіне келер болсақ, мұнды екі түрлі стандарт туралы айтқан жөн. Әрине, біздің менталитет ұстамдылықты құптайды. Алайда мұнда да ойлантатын дүние бар. Мысалы, Нюша Шымкентке келіп, қысқа шорты киген күйі Қайрат Нұртаспен бірге өнер көрсете алады. Ал мен осындай әрекетке барсам, жағымсыз пікірлер қарша борайтыны анық», – дейді Луина.

Сондай-ақ, 7 жыл бойы өзінің продюсері Жомарт Сүлейменовпен азаматтық некеде тұрған Луина онымен айырылсқаннан кейін өзінде өзгерістер болғанын жасырмады.

«Жарты жыл бойы нашар тамақтандым. Десе де бұған дейін мен тамақтануда аса мұқият едім. Бәлкім, бұл ер адамыммен айырылсқандықтан болар. Алайда бұл күйзеліске түскендігімнен емес. Тек босаңсуым керек болды», – дейді әнші.

Өз сөзінде Луина азаматтық некеде болған Жомарттың анасын «мама» деп атағанын жасырмады.

«Мен үлкен қызбын және өз бетіммен өмір сүре аламын. Мен азаматтық некеде 7 жыл тұрдым. Енем болуы мүмкін адаммен бірге тұрып, оны «мама» деп атадым.

Бүгінде мен уақытымды өзіме арнағым келетінін түсіндім», – деп ағынан жарылды Луина.

Естеріңізге сала кетсек, Луина продюсері Жомарт Сүлейменовпен 7 жыл бойы азаматтық некеде тұрып, айырылысып кеткен еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау