Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лидия Кәденованың келіні жұртты ән айтып таңқалдырды (видео)

Лидия Кәденованың жалғыз келіні ән айтып, ерекше даусымен жұртты тамсандырды. Осы уақытқа дейін желідегілер оны тек бет әрлеуші маман ретінде ғана білетін.

аека

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Лидия Кәденованың Айым есімді келіні осы уақытқа дейін бет әрлеуші ретінде танымал болатын. Жуырда ол өзінің жеке сұлулық салонын ашып, Бүркіттің алғашқы фильмінде басты рөлді сомдады. Енді міне бойжеткен жұртты әдемі даусымен қайран қалдырып жатыр.

Желіде Aeka.posh есімімен танымал келіншек Дәулет Болатовпен бірге ән орындады.  “Жай ғана ән жазып көрдік. Оның даусы керемет. Ал мені қатты сынамауларыңызды сұраймын”, – дейді Айым.

Бұл видео желі қолданушыларын қатты таңқалдырды. Арасында оны ашық киімі үшін сынағандар да болды. “Аека, тамаша! Керемет орындап шықтыңыздар!”, “Сонша бояудың не қажеті бар?”, “Даусыңыз сондай керемет екен”, “Сіздің даусыңыз мұншалықты керемет деп ойламаппын!”, “10-рет тыңдап жатырмын. Сондай керемет!”, “Осы өлеңді толық орындап шықсаңыздар, тамаша болатын еді” деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Желідегілерге шамданған Лидо киімдердің неге қымбат болатынын түсіндірді

Жазира Байырбекова мен әнші Аиша телехикаяға түсуде (видео)

Асхат өзінің Еркемен қарым-қатынасына қазіргі келіншегінің қалай қарайтынын айтты

Ақбота Керімбекова отбасын тастап кеткен әкесін кешіріп, тойына шақырған

Талқылау