Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық келіншек оқушының қалпағын ұрлап сотталуда

Қызылорда қалалық Жедел басқару орталығының 102 арнасына Қызылорда қаласының 2001 жылы туылған тұрғынының бас киімін белгісіз біреу басынан жұлып алып кеткендігі жайлы хабарлама келіп түседі.

shapki7

Аталған хабарлама бойынша Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы полиция аға лейтенанты Мейірман Толысбаев Шұғыла мөлтекауданында орналасқан бейнекамерадан қашып бара жатқан азаматшаны байқайды.

Жедел түрде осы аумақта барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан Жол-патрульдік полиция батальонына бағыт-бағдар беріліп, нәтижесінде 1982 жылы туылған азаматша ұсталады. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 1-бөлігі бойынша (Тонау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Талқылау