Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысы топан судың астында қалуы мүмкін

Ішкі істер министрлігі Сырдария өзені арнасынан асып, өңірде тасқын болу қауіпі бар деп дабыл қақты. Сондықтан, аймақтағы  құтқарушылар дереу күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысқан, – деп хабарлайды КТК арнасы.

maxresdefault

Фото: 1080.plus

“Қызылордадағы жағдайға байланысты министрлік шұғыл шешім қабылдады. Бұл аймаққа сарбаздар мен құтқарушыларды жібердік. Сондай-ақ, «ҚазӘуеҚұтқарудың» да ұшқыштарын көмекке шақырдық. Сарбаздар өңірді бақылауда ұстайды. Қажет болған жағдайда, сірескен мұзды жарып су арнасын Арал теңізіне қарай бұрамыз”, – дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

Қауіп Сыр өңіріне ғана емес, Солтүстік, Шығыс, Оңтүстік, Ақмола мен Қарағанды облыстарына да төніп отыр. “Қара тізімге ” ілінген аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, адамдарға уақытша тұратын орындар дайындалуда. Қазіргі таңда еліміз бойынша 340 мыңнан астам тұрғыны бар мыңға жуық елдімекенді су шайып кетуі қатері бар. Бұған себеп су қоймаларының әбден ескіруі.


Жіберіп алмаңыз:

Тараздағы алапат өрт 30-ға жуық адамның өмірін жалмай жаздады

Өскеменде жүргізуші көлігімен бірге өзенге құлап кетті (фото)

Ақтауда той кортежінде отырған жас жұбайлар терезеден оқ жаудырды (видео)

Өзбекстанда анализ тапсырған ер адам жүкті болып шыққан

Талқылау