Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда той кортежінде отырған жас жұбайлар терезеден оқ жаудырды (видео)

Маңғыстау облысында 11 наурыз күні той кортежінде отырған жастар терезеден тапаншамен оқ атқан. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

89898

Оқиға Жаңаөзен-Ақтау тас жолында орын алған. Оған үш бірдей Жаңаөзен тұрғыны қатысыпты.

Lexus LX көлігінің 1997 жылы туған жолаушысына қатысты ҚР әкімшілік кодексінің 434, 436 баптары бойынша, елдімекен аумағында газды, оқ атылатын қаруды қолданғаны үшін айып тағылып, 45 380 теңге айыппұл төлеу талап етіледі.

Құқық бұзушылардан маркалы тапаншасы алынған. Қазір істі Жаңаөзен полиция басқармасы қарап жатыр.

Lexus LX 570 көлігінің 1997 жылы туған иесі жалған нөмірмен көлік жүргізген. Оның әрекетіне қатысты ҚР әкімшілік кодексі 595, 593, 590 баптары бойынша хаттама толтырылды.

Оқи отырыңыз:

Алматыда полиция көлігі жүргіншілер жолағындағы баланы қағып кетті (видео)

22 жастағы қазақ қызы бастығынан жүкті болып қалды

Әйелі сотталған қазақстандық азамат қызын тастап, көлікті алып қашқан

Алматыда бірнеше көше су астында қалды

Талқылау