Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда дәрігелері баланы 5 жыл бойы басқа диагнозбен емдеген

Қызылордалық дәрігерлер Бақытбек Бекеновты бес жыл бойы басқа диагнозбен емдеп, негізгі ауруын  асқындырып жіберген. Бұл туралы STAN.KZ  31 арнаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

врач

Бақытбек Бекенов осыдан бес жыл бұрын ойнап жүріп табалдырықтан құлап, аяғын баса алмай қалған. Сол кезден бастап бірнеше жыл бойы өзі тұратын аймақтағы дәрігерлердің диагнозына сеніп, емделіп жүрген.  Денсаулығында еш өзгеріс болмағаннан кейін мемлекеттік жеңілдікпен Астанада емделу мүмкіндігін алады.  Сол кезде ғана баланың басқа диагнозбен емделгені белгілі болған.

-“Бір емес екі қорытынды берілді. Баламды 2010 жылдан бастап бронхиальный астма диагнозымен емдеді. Тағы бір дәріген жүрегінде ақауы бар деп бірнеше жыл оны емдеді. Детский ОМЦ кардиология бөлімінің меңгерушісі 30 жылдық стажы бар мамандар қараған”, – дейді анасы Алма Шағатаева.

Анасының айтуынша, дәрігерлер балаға көксау диагнозын қойған. Баланы бес жыл бойы емдеп, ауруын асқындырып жіберген. Енді, Бақытбектің  анасы  өз ісіне жауапсыз дәрігерлердің жазасыз қалмауын сұрайды. Ол дәрігерлер тек басшыларының сөгісін ғана алып жұмыстарын жалғастырып жүр.

 

Талқылау