Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада-2018: Қазақстан құрамасы 11 орында

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының үшінші күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан 11 орында тұр.

Фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына алғашқы қола медальды салды. Соның нәтижесінде Қазақстан Пхенчхан Олимпиадасында медаль алған 11 мемлекеттің тізіміне енді.

Әзірше, бірінші орында Германия құрамасы келеді. Олардың еншісінде 3 алтын, 1 қола медаль бар. Екінші орында – Нидерланды елінің спортшылары. Олардың қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль болса, үздік үштікті түйіндеп тұрған Норвегияда 1 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль бар.

11-інші орында сондай-ақ еншілерінде бір-бір «қоладан» бар Финляндия, Италия және Олимпиада туы астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік спортшылар бар.

Жарысқа 92 елдің спортшылары қатысуда.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығыда өтеді.

Тағы оқыңыз:

Алғашқы медаль: Юлия Галышева Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарындағы төмен нәтиже үшін кешірім сұрады

Олимпиада жарыстарының кестесіне өзгерістер енгізілді

Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхенчхан-2018 Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды қолдауға келді

Талқылау