Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан президенті кетерінен бір апта бұрын Қазақстанмен алты бірдей келісімді бұзған

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев билікке жаңа мемлекет басшысы келмес бұрын Қазақстанмен арадағы бірқатар келісімдерді бұзды. Оның алғашқысы Бішкек 100 миллион доллардан бас тартты, деп жазады Stan.kz.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атамбаев Қазақстанмен бірнеше келісімді бұзу туралы құжаттарға қол қойған. Оның ішінде екі ел арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция шарттарын дамыту келісімі күшін жойды. Сондай-ақ, қос елдің басшысы 2016 жылы Санкт-Петербургте қол қойған техникалық жәрдем туралы құжаттың заңдық күшін жойды.

Қырғызстанға ақшалай көмек көрсету және оның жұмсалуын қадағалау туралы протоколдың күші жойылды. Мұндағы сөзі Бішкекке 100 миллион теңге берілу жайында болып отыр.

9 қараша күні Қырғыстан парламенті қол қойған заң бойынша, Қырғыстан мен Қазақстан арасында бас-аяғы алты келісім бұзылды.

Президент СІМ-ге аталған өзгерістерді Қазақстан билігіне жеткізу туралы бұйрық берген. Атамбаев бұл құжатқа Сооронбай Жээнбековтің билікке келуіне 1 апта қалғанда қол қойған.

Айта кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауы екі ел арасындағы қатынасқа сызат түсірді. Астананың қырғыз оппозициясы жетекшісі Өмірбек Бабановты ресми түрде қабылдағаны Атамбаевтың шамына тиді. Бішкектегілер Қазақстан сайлауға араласуда деп ой түйді.

Қазан айының басында Атамбаев Қазақстан билігіне қарсы шағымдарын айтты. Ол Қырғызстаннан қашып кеткен экс-президент Құрманбек Бакиевтің Алматыда жиі сауық-сайран құратынын ашына айтты. Бұдан өзге, Атамбаев 10-11 қазан күндері Сочиде өткен ТМД елдері саммитіне қатысудан бас тартқан. Аталған іс-шараға елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан еді.

Бұдан кейін екі ел шекарасындағы жүк тасу ісіне тосқауыл қойылды. Қазақстан билігі бақылауды күшейткен соң, Атамбаев «Астана бұл әрекетімен Қырғызстанды ЕЭО-ға қарасты басқа елдермен қатынасына нұқсан келтірді» деп айыптады. Алайда ол одақтан шығуға ниеті жоқ екенін алға тартты.

Жіберіп алмаңыз:

Әблязовтың ісі: қылмысқа қатысты тұлғалардың қайсысы Қазақстанға қайтарылды

Назарбаев Қырғызстанның жаңадан сайланған президентіне жеделхат жолдады

Жезөкшелер Қазақстан бюджетін шамамен 10 миллион теңгеге толтырған

Қанша балаға көмек керек: Аружан Саин Парижден пәтер алған шенеуніктің есімін атауды талап етті

Талқылау