Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құны 405 доллар тұратын джинсы белдік желі қолданушыларын күлдірді (фото)

Америкалық Unravel Project сән үйі клиенттеріне құны 405 доллар (130 мың теңгеден аса) тұратын  жаңа сәнді аксессуар ұсынды. Алайда сән үйінің бұл ұсынысы желі қолданушыларын күлдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Аксессуар джинсы шалбардың жоғарғы бөлігі тәрізді етіп жасалған. Бірақ ұзындығы шалбардың ауына жететін бөлігімен шектеледі. Сән үйі мұндай бұйымды киім сыртынан тағуды ұсынады.

Бұған дейін аталған сән үйі 900 долларға терісінен тігілген джинсы шалбар ұсынған еді.

Өз кезегінде жел қолданушылары сән үйінің ұсынған бұйымын күлкіге айналдырды. Кейбірі 400 долларға «джинсыдың қиығын» сатып алатын адамдарда ақымаққа теңеді. Ал ішіндегі ең ақылдылары сән үйіне кеңес берді. Олардың айтуынша, сән үйі тұтынушылардан ескі джинсы шалбарын сатып алып, олардан «сәнді аксессуар» жасай алады.

Оқи отырыңыз:

Гонконгта дәретхана көлеміндей пәтер жалға беріледі (фото)

Баласын асырап алушыларға беретін әйелдің бейнежазбасы 3,5 миллион адамды тебірентті (фото)

Әйел қаңғыбас ер адамды құтқарып, оған тұрмысқа шығып, 2 баланы дүниеге әкелген

Ер адам пойыз астына түсіп аман қалды (видео)

Талқылау