Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында анасы жаңа туған нәрестесін терезеден лақтырып жіберді

Қостанай облысының Октябрь кентінде жас әйел барлығынан жасырынып бала босанып, нәрестесін терезеден лақтырып жіберді.

new_born_2_by_far_from_krypton-d3497h1

27 желтоқсан күні таңғы сағат 6-да пәтерінде ұйықтап жатқан отбасылық жұпты баланың жылаған дауысы оятты. Жас жұбайлар пакетке оралған тастанды туралы полицияға хабарлап, «жедел жәрдем» қызметін шақырды.
Полицейлер нәрестенің анасын сол күні анықтады – ол 17 жасар жергілікті тұрғын болып шықты. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қатты тоңып қалған нәресте – ұл бала Лисаков қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған пневмония диагнозын қойды.

«Бала босанған бойжеткен Рудный қаласында оқиды, демалысқа ата-анасының үйіне келген. Ол жүктілігі туралы білмегенін айтып,оны босанып жатқанда ғана түсінгенін сендіріп айтуда», – делінген хабарламада.

«Бойжеткен ата-анасының үйінде босанды. Жүктілігі туралы ата-анасына айтуға қорыққан студент қыз түнде дәретханада босанды. Туыстарынан қорыққан ол нәрестені пакетке орап, терезеден лақтырып жіберді. Одан кейін бойжеткеннің өзі қатты қансырап, кейін ауруханаға жеткізілді», – деп түсіндіреді полиция баспасөз қызметінің қызметкерлері.

Бойжеткеннің туыстарының айтуынша, олар қызының басқа қалада оқуы себебімен оның жүктілігінен хабарсыз болған.
Сот алдындағы тергеу амалдарының барысында баланың болуы мүмкін биологиялық әкесі анықталды – ол 19 жастағы сарбаз болып шықты.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 100-бабы («Анасының жана туған нәрестесін өлтіруі») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың әкесіне қатысты кәмелеттік жасқа толмағанмен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 122-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі кезде нәрестенің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол Лисаков қалалық ауруханасында емдеуден өтіп жатыр.

Талқылау