Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында 45 жастағы азамат жоғалып кетті

Жанкелдин ауданының Ақкөл ауылында 45 жастағы тұрғын 4-тамыз күні мотоциклмен малын іздеп кетіп, сол күйі үйге оралмаған.

мото

Бұл туралы “Қостанай таңы” басылымы жазды.

Күні кеше құқыққорғау органдарынан — 11 адам, 4 техника, жергілікті тұрғындардан — 45 адам, 4 техника күшімен іздеу жұмыстары жүргізілді. Өкінішке қарай, жоғалған адамды жергілікті тұрғындар ауданға қарасты Қарасу ауылынан 13 шақырым жерден өлі күйінде тапты. Дене аңғар ішінде жатқан. Өлім себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, ол осы аңғарға құлап қаза тапқан болуы мүмкін.

Талқылау