Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай кәсіпкері бидайдан «Жасартатын эликсир» шырынын жасап шығармақ

Қостанайда жас кәсіпкер Константин Невзоров бидай сабағы мен тамырынан шырын дайындап үйренді. Ол шырынның адам денсаулығына пайдасы болғанықтан оны «Жасартатын эликсир» деп атапты.

вв

Кәсіпкер жақын арада пайдалы шырын шығаратын өзінің жеке өндіріс орнын ашпақ. Ол қазір үй жағдайында және қаланың диірмен зертханасында ғылыми зерттеулер жасап жатыр. Әрі заманауи технологияны қолдану үстінде екен.

Шырынды бидайдың сабағы мен тамырынан аламын. Бидайды гидропонды әдіспен өсіремін. Бидай сабағы 15 см-ге жеткенде шырынын алуды бастаймын. Диірменге келген түрік, итальян технологтармен пікір алысқан едім. Олардың жұмыстары мені өте қызықтырды. Осы істі алдағы уақытта шындап қолға алмақпын», – дейді жас кәсіпкер.

Константиннің айтуынша, шырынның аз ғана мөлшерінің өзі адам ағзасына айтарлықтай пайдасын тигізетін көрінеді.

30 миллиграмм шырынның өзінде витаминдер болады екен. Әсіресе, құрамындағы В17 витамині адамның ісініп кетуіне қарсы көмектеседі. Сондай-ақ, шырын ота жасалған соң ішкен адамның ағзасына оң әсерін тигізеді.

Кәсіпкер Константин Невзоров бидай шырынының шетелдерде көптеп қолданылатынын айтады. Елімізде бұл шырын түрі шетелдерден келіп жатады. Оның отандық өнімді жасауды қолға алыуына да осы жайт түрткі болған екен.

«Өз елімізде бидай өсіріліп жатқанда неліктен өнімді сырттан алуға тиіспіз? Біз олардан жақсы дайындамасақ, кем жасамаймыз», – дейді Неврозов.

Кәсіпкердің айтуынша, бұл бастаманы іске асыруға көп қаражат қажет емес. Сондықтан жақын күндері қостанайлықтар пайдалы шырынмен сусындауы ғажап емес.

Талқылау