Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қос балуанымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында екі бірдей балуанымыз финалға шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Грек-рим күресінің шеберлері Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесі үшін белдеседі. 63 келідегі Ержет Жарылқасын қарсыластарының барлығынан басым түсіп, жартылай финалда Солтүстік Корея балуаны Чан Кимді 5:3 есебімен ұтса, 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов өзбекстандық Рахымжан Ұзақовты айқын басымдықпен ұтты. Қос балуанымыз енді Азия чемпионатының алтынына таласады. Ержет финалда жапониялық Сузукиге қарсы күрессе, Нұрсұлтан байырғы қарсыласы, иран балуаны Насер Гасем Ализадамен белдеседі.

"Жаңа салмаққа әлі толық бейімделмедім": Ризабек Айтмұқан Азия чемпионатындағы нәтижесі туралы


Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Азамат Дәулетбеков 86 келі салмақта топ жарып, үшінші рет Азия чемпионы атанғанын жазған едік. 

Талқылау