Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда аяғынан айырылған қызға айыпты өмір бойы ақша төлеп отыруға міндеттелді

Апелляциялық сот әскери ауруханада аяғынан айырылған қызға өмір бойына 10 АЕК көлемінде қаражат төлеу туралы шешімді күшінде қалдырды. Бұл туралы ҚР әскери сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

IMG_0572-00

Мадина Мараткызы. Фото: газета”Время”

“Сараптама нәтижесінде, плиталардың опырылып түсуі темір бетондардың ұзақ эксплуатация мен метеорологиялық талаптар салдарынан ескіруінен болған”, – делінген хабарламада.

Қыздың анасы сотқа қызының денсаулығы мен моральді тұрғыда зақым алғанын айтып шағымданған. 2014 жылдың қараша айында 1999 жылғы қызға  Талдықорған қаласының әскери ауруханасында бетон құлап, аяғын басып қалған. Оның сол жақ аяғына амплуатациялық ота жасалған.

Сот мәліметінше, әскери аурухананың ғимараты қорғаныс министрлігінің Талдықорғанның аудандық эксплуатациялық бөлімінің есебінде тұрады. Министрлік ұйымның құрылыс жұмыстарына, ғимараттың есебі мен әскери бөлімнің қарулануы және Талдықорғанның әскери бөлім мекемесіне жауап береді.

Сот арызданушының талабын жартылай орындады. Жауапты адам тарапынан қызға ай сайын 10 АЕК көлемінде ашқа төленеді. Жауапты адам моральді зиян келтіргені үшін 10 миллион теңге көлемінде қаражат төлейді.

“Апелляциялық сот шешімі бойынша азаматтық және әкімшілік істері бойынша ҚР Әскери соты 2016 жылы 3 ақпанда өзгеріссіз қалды”, – деп қорытындыланды сотта.

Талқылау