Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кінәлілер жазасын алсын: Ақмола облысында лагерьде көз жұмған жасөспірімнің сыныптасы марқұм туралы айтып берді

Ақмола облысындағы лагерьде жұмбақ жағдайда қайтыс болған 15 жастағы жасөспірім жөнінде тың ақпараттар шықты. Андрей Семенцовпен бір сыныпта оқыған құрбысының айтуынша, марқұм сабақ кезінде “суицид” жөнінде көп айтатын дейді. Бірақ, оның өз-өзіне қол жұмсауына сенбейтінін айтады. Ал, қайғылы оқиға орын алған жерге жауапты ІІД мәліметінше, бала шомылуға тыйым салынған жерге түсіп, батып кеткен.

Кінәлілер жазасын алсын: Ақмола облысында лагеьде көз жұмған жасөспірімнің сыныптасы марқұм туралы айтып берді

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Белгілі болғандай, марқұм болған 15 жастағы Андрей Семенцов қаладағы №28 орта мектепте 8-сыныпта білім алған. Қазір жаз мезгілі болғандықтан, оқушылардың барлығы демалыста. Ал, мектеп қызметкерлері болса, барлық жауапкершілікті Білім басқармасына сілтеп, қандай да бір жауап беруден бас тартып отыр.

Есімін атамауды өтінген марқұмның сыныптасы Андрейді өте жақсы танитынын айтады. Бірге емен-жарқын араласқан. Сыныпта өте белсенді болған көрінеді. Түрлі мектепаралық іс-шараларға қатысқан. Бірақ, соңғы кездері достарына әзіл-шынын араластырып суицид жөнінде көп сөздер айтқанын айтады. Дегенмен, өмірге қызығатын досының өз-өзіне қол салғанына сенгісі келмейді.

“Мен Андрей Семенцовтың сыныптасымын. Бірақ, мен мектепке жаңадан келгендіктен тек 1-ақ жыл бірге оқыдым. Бірден айтарым, ол өте жақсы бала болатын. Мектепте белсенді, үнемі көңілді жүретін. Осындай қайғылы оқиға орын алғанына әлі де сенбей отырмын ” – марқұмның сыныптасы.

Туыстары болса, бүгін марқұмға арнап ас беріп жатқандарын айтты. Ал, қайғылы оқиға болған аймаққа жауапты Ақмола облыстық ішкі істер департаменті өкілдері бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасады.

«Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша (міндеттеріне адал қарамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Анықталғандай Семенцов А.Д. «Арман»балалар сауықтыру лагерінде болған, үстіміздегі жылдың 9 шілдесі күні көлдің шомылуға тыйым салынған жерінде суға батып кеткен. Сыныптасының айтуынша, марқұм болған Андрей Семенцов, бұл жазғы демалыс лагеріне жолдаманы өз қаржысына алған. Сондай-ақ, ол білім алған 8-сыныптан тағы бір досы сонымен бірге демалуға барған көрінеді. Бірақ, оны таба алмадық» – Ақмола облыстық Ішкі істер департаментіндегілер.

“Сондай-ақ ол мектепте өте танымал болатын. Сыныптасымнан, досымнан айырылып қалғанымыз өкінішті. Ата-анасына көңіл айтамын. Кінәлілер табылып, жазасын алсын”, – дейді марқұмның сыныптасы.

Нының кінәлілер табылып, жазасын алсын деуі бекер емес сияқты. Өйткені, оны әлдекімдер ұрып-соғып, сосын денесін суға тастап кеткен деген де долбарлар айтылған еді. Алайда, бұл факті әлі расталған жоқ. Ал, марқұмның неліктен тыйым салынған жерде шомылғаны әзірге анықталу үстінде. Тіпті, бұл жұмбақ істі облыстық прокуратура өз бақылауына алған көрінеді. Бірақ, марқұмның ата-анасы әлі күнге дейін тергеушілермен бетпе-бет кездеспеген.

Қайғыдан қан жұтқан марқұмның әкесі баланың денесінде ісіктер мен жаралар болғанын айтты. Әкесінің сөзінше, ол Көкшетауға тек ертең аттанады. Ал бұл іске Білім және ғылым министрілігінің өкілдері мардымды жауап бере алмады.

“Бұл бізде лицензияланбайтын қызмет түрі. Сондай-ақ аталмыш ұйым білім берудің қосымша түріне жатады, яғни түрлі лагерьдегі үйірмелер, тіл орталықтары тағы басқа. Бұл қызмет түрі бәсекелестік жоғары орта. Мұның барлығын біз жан-жақты арнайы тексеріс кезінде сұрайтын боламыз” – дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

Ата-аналар өз қолымен перзенттерін жерлемеуі қажет! Осылай бүгінде 15 жастағы Андрей Семенцовтың жұмбақ өлімі қоғамдық қызу пікірталас туғызды. Қайғылы оқиға 9 шілде күні “Арман” балалар лагерінде болған. Алдын-ала ақпараттарға сенсек, жеткіншек суға батып кеткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау