Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері Кентал мен Санданың жаңа бейнебаянын әжуалады (видео)

Рэпер Асыл Мұра бұрынғы әдетіне басып, өзіне жарнама жасауға кірісті. Бұл жолы оның межелегені Санда мен Кентал болды.

0

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Санда мен Кенталдың “Өкініш” атты әнге түсірілген бейнебаяндары жарық көрген болатын. Аталған туындыны үш күннің ішінде 600 мыңнан астам адам көріп, оң бағасын берген-ді. Оның жұртқа ұнағандығы соншалық, рэпер Асыл Мұра да бейнебаянның басқа нұсқасын түсіріп көруді жөн көрген.

Рэпер осы уақытқа дейін Баян Есентаеваға арнап ән жазып, одан өзіне продюсер болуын сұраған болатын. Баян ханымның келіскен, келіспегендігі белгісіз болса да, оны KeshYou тобының мерейтойлық концертіне шақырған-ды.

Әлеуметтік желіде өзіне жарнама жасағанды ұнататын рэпер бұрынғы әдетіне басты. Бұл жолы ол Кентал мен Санданың “Өкініш” атты әнге түсірілген бейнебаяндарының жаңа нұсқасын түсіріп көрді.

Аса көп пікір жазылмаса да, 500-ге жуық адам көрген. Ал Кентал аталған видеоның айтарлықтай күлкілі екенін айтып өткен.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева өзіне өтініш білдірген жігіттің бетін қайтарды

Атышулы рэпер қазақтарды терроризмді тоқтатуға шақырды (видео)

Рэпер Жан Ахмадиев тағы да шулатты

Ресейлік рэпер T-Killah павлодарлық қызға ғашық болып қалды (фото)

Талқылау