Рэпер Жан Ахмадиев тағы да шулатты

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 12:08

Белгілі рэп орындаушысы, өзін қазақ рэпінің негізін салушылардың бірімін деп санайтын Жан Ахмадиевтың шығармашылығынан тағы да шу шықты.

10603965_1573814289500989_7013001413474179255_o

Фото: facebook.com/profile.php?id=100003388914903&sk=photos&pnref=lhc

Бұл туралы alashinform.kz хабарлайды.

Ол әдетте өзі орындап жүрген рэптерінің сөзін өзі жазатындығын айтатын. Алайда оның танымал туындысының сөздері өзге ақынға тиесілі болып шықты.

Осыған дейін патриоттық рэп жанрындағы әндерді орындап, тыңдарманның қошеметінен ие болған белгілі рэперді “Халық жауына” теңегендер де болды. “Оян, Қазақ!”, “Қазақпыз ғой 1,2,3,4” сынды әндердің авторы бұл жолы “Қазақпыз ғой 5: Ақырзаман” әнін наурыз айының бас жағында тыңдармандарға тарту етті.

Аз ғана уақытта көптеген адамдардың қызушылығына ие болған бұл әннің сырты бүтін болса да, іші түтін болып шықты. Толығырақ айтатын болсақ, әннің сөзін өзім жазамын деп жүрген рэп орындаушысы бұл өлеңінің сөзін әлі танылмаған  жас ақынның өлең шумақтарынан алынғандығы жария етілді.

Қазақпыз ғой 5 ке толған қаршадайды зорлаймыз,
Ақшасы бар қылмыскерді қамамаймыз қорғаймыз.
Қазақпыз ғой қолы қысқа, қос қанаты қырқылған,
Өкіметтің қамап қойған торындағы торғаймыз!!!

Қазақпыз ғой өзге елдер қол шошайтып мазақтар,
Бәрімізің бағымызда арылмайтын азап бар.
Байқоңырдай алып ғарыш аймағынан не пайда?!
Өз жерінде космосқа ұша алмай жүр қазақтар!

Əкім қайда қазақ дейтін намысы бар ел сенген?!
Қазақпыз ғой қара нан жеп тұрмысымыз теңселген.
Бәрі білет бұл күндері жас маманның білімі,
Ақшасы бар “көкелердің” беделімен өлшенген.

Көп көкелер баяғыда безінген ғой ардан анық,
Қазағымның қара көзін қақшитты олар зарға малып.
Шет елдіктер шалқаяды, басқа шығып, шырт түкіріп-
Қазақтар жүр үй таба алмай əр пəтерді жалдап алып.

Уақыт өте ХЕХ кімнің кім екендігін ар айқындар,
Қазақтар бар жануарды сүйіп күйіп жалайтындар.
Детдомдағы жетімді емес, мысық итті асыраған-
Қаладағы қазақтарды иттен төмен санайсың ба?!…деген шумақтарды Жан Ахмадиевтің рэп сөздерінен аңғаруға болады.

Бірақ біз бұл сөздерді “Жас ақынның” да өлеңінен кездестірдік.

1467609262_247

Сонда кім ұры? Мәселенің анық-қанығы белгілі болды. Жан Ахмадиев бұл әнін 2016 жылдың наурыз айында жарыққа шығарса, “Жас ақын” бұл өлеңін 2015 жылдың қазан айында әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялапты.

“Жас ақынның” өлең шумақтары 11 буын түрінде жазылғандықтан, Жан өлең тармақтарына сөздер қосып немес кей сөздерді ауыстырып, рэп ырғағына келетін яғни 14 буындық сөйлемдерге айналдырған.

Кім кімнен өлең ұрлағанын түсінген де шығарсыздар. Жақында ғана қажылық сапарын орындап келген Жан мырзаның бұл ісін түсіне алмай отырмыз.


Жіберіп алмаңыздар:

Жан Ахмадиев енді “91” тобын жақтап шықты (видео)

Атышулы рэпер “Қызықпыз ғой” бейнебаянының неге өшірілгенін айтты

Есентаева ұсынған конкурс ғаламторды шулатты

Жүкті әйелдің биі ғаламторды шулатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар