Атышулы рэпер “Қызықпыз ғой” бейнебаянының неге өшірілгенін айтты

Бейсенбі, 24 Наурыз , 2016 10:20

Атышулы рэпер жақын күндердің бірінде “Қазақпыз ғой” әніне түсірілген бейнебаянын ұсынған болатын. Аталған бейнебаян бірнеше күннен кейін youtube видеолар желісінен өшірілген. Мұның себебін Жан Ахмадиев өзінің инстаграмдағы парақшасында түсіндірді.

zhan

Кезекті туындысында қазақ жігіттерін “қоян жүрек” деп айыптап, олардың ер деген атқа лайық еместігін тілге тиек етеді. Мұнымен қатар, бейнебаянда “Ninety one” тобы бейнебаянының үзінділерін пайдаланған.

 

Бұдан өзге “Қазақпыз ғой, сырға таққан әншілерді қолдаймыз. Корейлерге еліктейміз, мүсіндерін сомдаймыз. Еркек сымақ, қатын тектес “91” деп жар салдық. Ей, қазақтар, бүйте берсек, ел болмаймыз, оңбаймыз” деп ашық түрде аталған топ мүшелеріне тіл тигізген.

 

ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ!

Фото опубликовано Жан Ахмадиев (official page) (@zhan_ahmadiev)

Дәл қазір видео youtube желісінен өшірілген. Рэпер оның өшірілуіне “Ninety one” тобының қатысы болғанын айтты. Мұнымен қатар, рэпер тыңдармандарға әлеуметтік желіде сынағанша, бетпе-бет келіп әңгіме айтуды ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, “Ninety one” тобының продюсері мен Зайытовтың бетпе-бет кездескені туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар