Атышулы рэпер қазақтарды терроризмді тоқтатуға шақырды (видео)

Жексенбі, 24 Шілде , 2016 13:37

Рэпер Жан Ахмадиев және Smitty Қазақстандағы терактілерге кінәлілерді іздеп,қазақтарды “оянуға” шақырды.

2525

Фото: xmusic.kz

Танымал рэпер әріптесі Smitty-мен бірге “Оян, қазақ! Террорист!” деп аталатын әнге бейнебаян түсірді. Видео қазірдің өзінде Youtube бейнехостингіне салынып, оны он мыңнан астам қарап үлгерген. Бейнебаян кадрлерінде Алматы мен Ақтөбедегі теракт кезіндегі видеолар салынған. Сондай-ақ, күдіктілер мен қаза болғандардың да суреттері бар.

Рэперлер ән барысында Қазақстандағы соңғы қайғылы оқиғаларға наразылық танытады. Олар қаншама адамның өмірін жалмаған оқиғалар үшін өкінетінін айтқан. Көшеде автоматпен еркін тайраңдаған адамдарды жер бетінен құртуға не кедергі деген сауалға жауап іздеген.

“Кім бұған кінәлі?” – деп сұрап олар қазақстандық тойлардағы стриптиздерді көрсеткен.

Рэперлер қайырмасында белгілі қазақ ақыны Міржақып Дулатовтың “Оян, қазақ!” деген өлеңінен үзінді оқиды және отандастарды терроризмді тоқтатуға шақырады.

Осыған дейін рэпер бірнеше мәрте “Оян, қазақ!” деген атаумен альбомдар шығарып, оның арасына оралмандар туралы да композицияны да қосқан болатын. Ол жерде авторлар “Біз бәріміз – қазақпыз, бізді жергілікті және оралмандар, бай және кедей деп бөлуге болмайды”, – дейді.

Ахмадиев бұған дейін де шенеуніктер, жастар, Таразда өзін жағып жіберген жігіт және МС Сайлаубектің танымалдылығы туралы да рэп орындаған болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар