Келл Брук: Головкинмен тағы да кездесуге дайынмын
Қазақстандық боксшы кәсіби рингтегі 36 кездесуінде жеңіске жетті және 33-ші рет мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды. Кездесуге 10 балдық шкаламен баға беруді сұрағанда, Геннадий «үш немесе төрт» деп бағалады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабаралайды.
«Мен оған қарсы айла-тәсілдер қолдана алдым, тек соңына таяғанда тәлтіректеп қалдым. Мен оның атағынан ат үркитін чемпион екенін білемін, бірақ онымен тағы да кездесуге дайынмын», – деп мәлімдеді Келл Брук.
Брук оң жақ қабағының зақымдануы жекпе-жекке кедергі келтіргенін айтты. «Менің алдымда бірнеше Головкин елестеді», – дейді Брук. Бұдан кейін ол жанкүйерлерінен кешірім сұрады. «Көңілдеріңізді қалдырғаным өкінішті, бірақ мен (рингке) қайта ораламын!», деді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Головкин-Брук жекпе-жегінің бейнежазбасы (видео)
Геннадий Головкин шаршы алаңға көтерілді
Талқылау