Келіншек: Күйеуім құмар ойындарға бола неке жүзігімізді де сатты

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 12:58

Айымгүл Даниярқызы (есімі өзгертілді) осыдан 5 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Бүгінде бұрынғы күйеуі екеуінің ортақ екі баласы бар. Жұбайлардың ажырасуына күйеуінің құмар ойындарға салынуы себепші болыпты. Келіншек осы әрекеттеріне қарамастан оны осы күнге дейін сүйетінін айтты. Мұнымен қатар, әкесіз өсіп жатқан балалары үшін алаңдайтынын жеткізді.

Family-beach-holiday-2-e1436323977992

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«2012 жылы тұрмысқа шықтым. Жолдасым екеуіміз жүріп жүрген кезде ол арасында құмар ойындар ойнайтын. «Жастық шақтың лебімен ойнап жүр. Бұл тәуелділігі басылар» деп ойладым. Лотореядан ұтысқа ие болған кездері болған. Қатты ғашық болғандықтан, оның тәуелділігі уақытша нәрсе деп ойладым. Жолдасым – отбасындағы жалғыз ұл. Әке-шешесі қатты еркелетіп өсірген. Материалдық жағынан еш қиналмаған. Әке-шешесі де мен секілді отбасын құрған соң бұл тәуелділігінен арылатын шығар деп ойлады. Бірақ ол әлі күнге дейін құмар ойындар ойнап жүр. Осы күнге дейін өзімді өзім алдап келгенімді түсініп жатырмын. Бүгінде ортақ екі баламыз бар.

Күйеуім біртіндеп үйдегі заттарды сата бастады. Заттар ғана емес, тойда сыйланған неке жүзіктеріміз, түрлі алтыным сатылып кетті. Артынша ішімдікке салынып кетті. Әрине, оны тоқтатуға тырыстық. Ата-анасы да талай көмектесуге тырысты. Емшілердің арқасында бірнеше апта бойы құмар ойындар ойнамаған кездері болды. Балалары үшін, мен үшін қояр деп ойлайтынмын. Енді біздің басымызға қауіп төнбеуі үшін ажырасуға бел будым. Әрине, ажырасып кеткеніміз үшін жүрегім ауырады. Екеуіміз бір-бірімізді сүйіп қосылған едік. Балаларыма обал болды.

Оларға «Әкелерің жұмыс бабымен кетті» деп айтамын. Шындықты айтуға әлі ерте. Жүректерін жаралағым келмейді. Әлі күнге дейін ойнап жүр. Маған кейде хабарласып тұрады. Жанына бататындай етіп айтқан кезде барлығын түсінгендей болады. Бірақ қолына ақша түссе, өзін ұстай алмай кетеді. Барлығы осылай жалғасып кете беретін болса, оның өзіне зиян келе ме деп қорқамын. Қарызға белшесінен батып жатыр. Мен де, әке-шешесі де оған ешқандай көмек көрсетіп жатқан жоқпыз. Барлығына қарыз болып жүр», – дейді Айымгүл Даниярқызы.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы келіншекке мамандарға жолығуға кеңес берді. Қажет болған жағдайда бағдарлама арқылы жол көрсететінін жеткізді.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Құмар ойындарға бола отбасынан айырылған шымкенттік жігіт мамандардан көмек сұрады

Қазақстандық әйел: Пәк еместігімді күйеуім бетіме басқан емес

Қыздық пердесіз туған әйел күйеуін пәктігіне сендіре алмай қиналып жүр

Астаналық тоқал: Қызымды екінші әйел етуге дайынмын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар