Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде демалыс күндері жауын жауады деп күтілуде

Температура, осы кезеңдік, көпжылдық климаттық норма деңгейінде және одан төменірек көрсеткіште болады.

8947304

Сурет:РИА Новости

Қазақстанның басым бөлігінде 25-27 маусымда жауын жауады деп күтілуде деп хабарлайды “Қазгиромет”.

Синоптиктердің мәліметінше, алдымыздағы демалыс және дүйсенбі күндері Қазақстан территориясына, Солтүстік Урал аудандарынан солтүстік-батыс тропосфералық ағымдармен ылғалды ауаның келуі толастамайды.

“Сол себепті, республикамыздың көп облыстарында жауын-шашынды және бұршақты, тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Температура, осы кезеңдік, көпжылдық климаттық норма деңгейінде және одан төменірек көрсеткіште болады”,-делінген хабарламада.

Дүйсенбі күні циклонның жандануына байланысты, солтүстік облыстарда жаңбыр нөсерге айналуы мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста суық фронттардың күшеюімен бұл жерлерде де жаңбыр болуы ықтимал, әсіресе таулы аймақтарда.

Талқылау