Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның батысында болған сұмдық жол апатынан 5 адам ажал құшып, 4 бала зардап шекті

Қорқынышты жол апаты Маңғыстау облысындағы Қарақиян ауданының тас жолында Жетібай ауылы бағытында болған. Бес ересек адам апат орнында қайтыс болды, оның ішінде жүкті әйел бар. Әртүрлі жарақаттар алған алған тағы төрт бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дтп

Қайғылы оқиға 15 қыркүйектен 16 қыркүйекке қараған түні болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, апат салдарынан бес адам мерт болған. Оның ішінде жүкті әйел де бар.

 "16 қыркүйекте сағат 01.48-де Lexus LX 470 автокөлігі аударылып кетті. Көлік жүргізушісі 27 жастағы қыз қаза тапты. Екінші көз жұмған әйел - 1966 жылы туған. Үшінші мерт болған әйел – 31 жастағы келіншек, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Ол жүктіліктің 27-ші аптасында болған. Қалған екі жолаушы 1964 және 1967 жылдары туған ер адамдар. Жол-көлік оқиғасы салдарынан барлығы тоғыз адам зардап шекті", – делінген хабарламада.


СҚО-да велосипедпен жүрген 12 жасар қызды "КамАЗ" жүк көлігі басып өлтірді


2011, 2012 және 2019 жылы туған үш бала жедел жәрдем көлігін күтпей, жолдағы көліктердің көмегімен Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер екі баланың жағдайын тұрақты ауыр, ал үшіншісін орташа ауыр деп бағалайды. 2013 жылы туған тағы бір кәмелеттік жасқа толмаған баланы өтіп бара жатқан автокөлік Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізді. Қазір бала жансақтау бөлімінде. Оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Ол қатты ми жарақатын алған. 


Сүйіктісінің туған күніне бара жатқан: Алматыда жас жігітті көлік соғып өлтірді


 

Талқылау