Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас саяхатшы әлемді аралап жүр (фото)

Алматылық Ержан Алдабергенов беделді компаниядағы жұмсақ креслосын тастап әлемді аралап саяхатқа шыққан. Жер шарын кезіп шығу үшін КИМЭП түлегі бес мың доллар қаражатпен шығып кеткен.

c318f92acc12ce301abbc4b7b78799f3

Сурет VK әлеуметтік желісінен алынды

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Мен компанияда қызмет еттім. Бірақ, бір жыл ішінде ештеңе де өзгермегенін байқадым. Өзімнің әріптестеріме қарап отырып, бүкіл өмірімнің осылай өтіп кетуі мүмкін екенін ойладым. Мен әлемді аралаған саяхатшылар туралы үнемі ақпараттанып жүретінмін. Бір күні неге солардың істегенін мен де қайталамасқа деген ой келді”, – дейді Ержан.

Ол үлкен саяхатқа аттанбас бұрын бір жыл ақша жинайды. Сосын эконом-нұсқаны таңдап сапарға шықты. Барған жерлерінде үнемі арзан нөмірлерді алып, қымбат емес қонақүйлерде жатты.

“Алғаш барған мемлекетім – Үндістан болды. Сосын Непалға барып әйгілі Эверест шыңын көзіммен көргім келді. Қазір Малайзиядамын. Бірер күннен соң Филиппинге аттанамын”, – дейді ол.

My Nepal.

Видео опубликовано Алдабергенов Ержан 🇰🇿 (@korzhik11)

Филиппин сапарынан соң жерлесіміз Оңтүстік Кореяға барып, ол жерден Ресейге келуді жоспарлап отыр. Бұдан соң жоспарда АҚШ тұр. Ал әлемді аралау үшін қаншалықты қомақты бюджет болуы керек деген сауалға да жауап берді.

“Менің Литвалық досым, танымал саяхатшы Иуанус айтқандай, “бюджет – бұл сенің басыңда!”. Ол үйінен 18 жыл бұрын 500 доллармен шыққан. Оның жасы қазір 24-те. Мен оның өмірі лайықты мысал бола алады деп ойлаймын”, – дейді жас саяхатшы.

47db238bced3728458b0446f8a792f74

26006860844ddb71fc337435f8481111

y1kZW8Q6etQ

5DAoQLixFw0

mEbs-qqnqzI

NQqxKgejFFg

qAFSCTcBTG8

vfuUghUw2DI

 

Светлана Абдрашитова

Талқылау