Қазақстандық блогер: Эротикалық фильмдердің жұлдызын не үшін мешітке кіргізді?

Желіде Руслан Түсіпбеков есімді блогер қазақстандық мешіттердің біріне келген голливуд жұлдыздарына қатысты ашуға толы жазба жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Блогер Руслан Түсіпбеков Facebook желісіндегі парақшасында мешітке келіп намаз оқып, имамдармен бірге суретке түскен голливуд жұлдыздарына қатысты өз пікірін білдірді.

«Шығыс Қазақстан облысы барлық облысты басып озды. Облыс емес, тіпті Астананы да. Пиар үшін жарамсыз болып қалған голливуд жұлдыздарын шақыруды ұйғарыпты. Жарайды, шақырсын, ақшаны қайда шашпадық? Алайда эротикалық фильмдердің жұлдызы Бай Линді не үшін мешітке кіргізді? Ол мешітті саяхатшы ретінде тамашалап қана қойған жоқ. Тіпті намазға қатысып, мешіт қызметкерлерімен бірге суретке түсті. Облыс шенеуніктері қайда қарап отыр?» – деп жазды Руслан Түсіпбеков.

Сондай-ақ, ол болған оқиғаны дінді қорлау деп білетінін айтты.

«Бұл біздің дәстүрлі дінімізді қорлау. Мектепке орамал тағып баруға болмайды дейсіздер ме? Ал мұсылман еместерге және эротикалық фильмдердің жұлдызына «қызық» және пиар үшін мешітте намаз оқуға бола ма? Еш намысызыз қалмаған. Қайдағы рухани даму? Рухани құлдырау дей салмаймыз ба онда?» – деп жазды автор.

Бұған дейін Өскемендегі имамның шетелдік актрисаға көзқарасыкөпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

Имам актрисаға ешқандай жаман оймен қарамағанын, ерекше киінгеніне немесе қимыл-әрекетіне қараған болуы мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, деректі фильмнің түсірілімі үшін ШҚО-ға келген шетелдік актерлер Халифа Алтай мешітінде болып қайтты. Голливудтан келген меймандар мешітті аралап, намаз оқу рәсіміне қатысты.

Оқи отырыңыз:

Ақмола тұрғыны қайтыс болған туысының банктегі ақшасын шешіп алмақ болған

ОҚО-да күйеуі мен енесі көрсеткен азапқа шыдамаған мұғалім асылып қалған

Қызылордада тұрғындардың бірі сатып алған сүт көгеріп кеткен болып шықты (видео)

Семейде әуежайдың заңсыз сатылғаны анықталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар