Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде әуежайдың заңсыз сатылғаны анықталды

Осы жылдың басында нысан мүліктерімен қоса аукцион арқылы жекеменшік компаниялардың біріне сатылып кеткен болатын. Бұл туралы мәлім болған соң, облыс әкімдігі «Семейавиа» мекемесін сотқа берді. Ал фемида өкілдері өз кезегінде сатып алу жөніндегі келісімшартты заңсыз деп тапты.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2 жылдан бері бұл әуежай ауқымды күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл мақсатқа мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 10 миллиард теңге бөлінген. Атқарушы билік өкілдері жөндеу жұмыстарын биыл аяқтауды жоспарлаған.

«Сот шешімімен конкурстық басқарушы облыс әкімінің талап арызы бойынша сатып жіберген ғимаратты қайта қайтарды. Қазір бұл мәселе қайта қаралады. Нысан қайтадан саудаға шығарылып, мемлекет меншігіне өтуі тиіс», – дейді Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте мешітке келген ер адамның 4 миллион теңгесін ұрлап кетті

Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі

Қарағанды облысында СПИД таратуы мүмкін инелерді кімнің төккені тексеріліп жатыр

Қазақстандық оқушы Шешенстан президентінің балаларын жекпе жекке шақырды

Талқылау