ОҚО-да күйеуі мен енесі көрсеткен азапқа шыдамаған мұғалім асылып қалған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында бір жыл бұрын күйеуі мен енесінің көрсеткен азабына шыдамаған мұғалім асылып қалды. Алайда бұл мәселенің нүктесі әлі қойылмады, деп хабарлайды «Время» газетіне сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: “Время” газеті

Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында 27 жастағы Юлдуз Мавланкулова жергілікті мектепте қазақ тілі пәнінен мұғалім болып жұмыс істеген. Біраз уақыттан кейін оған Ёркинжан Нартаев есімді азамат құда түсіп, тұрмысқа шығады. Алайда ол тұрмысқа шыға салымысымен өмірі азапқа айналған.

«Енесі өзін үйдің толықтай иесі сезінгісі келген. Тіпті келініне үйдің кілтін бермейтін. Кейде Юлдуз жұмыстан үйге келгенде есік жабық тұрады. Ол жаңбыр астында енесінің келгенін күтіп, далада тұрады. Күйеу бала да қатігез болатын қызымды аусыз ұрып-соқты. Мен одан үйге қайтып келін сұрадым. Алайда ол жағдайдың оңалып кететініне сенді», – дейді Юлдуздың анасы Иззатай Мавланкулова.

Юлдуз ата-анасының үйіне бірнеше рет қайтып келіпті. 2015 жылдың жазында жүктіліктің соңғы айында жүрген Юлдуз ауруханаға түскен. Иззатай ұлдарымен бірге қызының палатасын торуылдаумен болыпты. Ал қызы босанғанда, оны сәбиімен бірге үйге алып кеткен. Юлдуз перзентханада жатқан кезде күйеуі бірде-бір рет келмеген. Тіпті дәрілердің ақысын төлеуден бас тартыпты.

Мұнан кейін Юлдуз сәбиімен бірге ата-анасының үйіне қайтып келген. Алайда кешке күйеуі келіп, ұлын алып кеткен. Баласын алып кеткеннен кейін әйел күйеуіне еруге мәжбүр болған. Ал ертесі күні күйеуі сәбидің дүниеге келуіне байланысты берілетін бір реттік жәрдемақының құжаттарын алып, Юлдуз бен сәбиін төркініне қайта апарып тастаған.

Туыстары Юлдузға ажырасуға кеңес беріп, далда қалдырмайтындарын айтқан. Жауап беруге асықпаған ол күйеуі келгеннен кейін оған қайтып барыпты.

«Қарындасымнан қаншама рет күйеуін тастап кетуін сұрадым. Ол көп жыласа да, шыдады. Күйеуінің жұдырығынан бұрын елдің қаңқу сөзінен қорықты», – дейді Юлдуздың ағасы Ділмұрат Мавланкулов.

Иззатай Мавланкулованың сөзінше, соңғы айларда күйеу баласы адам танымастай өзгерген. Қызы қаншама рет жылап келіп, көгерген денесін көрсеткен. Анасы қызына араша түсіп, күйеу баласына ұрыспақ болғанымен, Юлдуз оған жол бермепті. Мұнан соң Ёркинжан екінші әйел алуды ұйғарған. Алайда оған қарсы болған Юлдузды тағы да аясуыз ұрып-соққан.

«Былтыр 25 қаңтарда қызым жылап қоңырау шалып, Лола деген әйелмен телефон арқылы сөйлескенін айтты. Ол өзінің Ёркинжанның жаңа әйелі екенін айтып, қызымнан ол үйден кетуін талап етіпті. Біз сөйлестік. Кешкі үйге бейтаныс ер адам келіп, Юлдуздың асылып қалғанын хабарлады», – дейді Иззатай Мавланкулова.

Иззатай мен Ділмұраттың айтуынша, олар Юлдуздың өлімі туралы соңғы болып білген. Анасы ұлдарымен бірге Юлдуздың үйіне барғанда көпшілік жиналып қалған  екен. Ділмұраттың сөзінше, күйеу балалары олармен сөйлеспей қойған. Тек әйелінің асылып қалғанын айтып, кетіп қалыпты. Белгілі болғандай, Юлдуздың денесі қораның екінші қабатынан табылған.

«Ол кезде кештеңе ойламадым. Қызымды құшақтап, оны жұлқылап жыладым. Оның мойнында күлгін-көк түсті сызық болды. Үстіндегі киімі жыртылған, кір еді. Осы кезде ол қорада асылып өлсе, үсті-басы қалай кір болған деген ой келді. Себебі қорада тек шөп бар, іші таза. Мұнан кейін киімінің жыртық жерінен денесіндені қанды көрдім. Арқасын ашсам, қан саулаған қамшының ізі қалған. Менің ойымша, күйеуі оны аяусыз ұрып, содан кейін өз қолымен асып қойған», – дейді анасы Иззатай Мавланкулова.

Сол күні Сайрамдағы АІІБ «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда 2017 жылдың 25 ақпанында Сайрам АІІБ тергеушісі Бөлеген Төлегенов сараптама нәтижелері мен марқұмның отбасының берген жауабына қарамастан, «қылмыс құрамы болмағаны үшін» өндірісті тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Біз істің қайта қозғалғанын талап еттік. Kсеll-ден Юлдуздың телефонынан шалынған қоңыраулар туралы дерек алуын сұрадық. Ол өлер алдында Бас прокуратураның «шұғыл желідегі» нөміріне бірнеше рет қоңырау шалған екен. Олардан көмек сұрамақ болған шығар… Мұнан соң оның денесін қазып алып, сараптама жасауын талап еттік. Себебі оның адам қолынан өлгеніне сенімдіміз. Аудандық полиция басшысына бернеше рет бардық. Одан пайда болған жоқ. Облыстық ІІД басшысы Сүлейменовке де бардық. Бәрі үнсіз», – дейді Ділмұрат Мавланкулов.

Мұнан кейін «Сана Сезім» ұйымының заңгерлері ІІД және Бас прокуратураға шағымданған. Нәтижесінде қарабұлақтық мұғалімнің ісі қайта қозғалып қана қоймай, істің тергелуі облысқа тапсырылған.

2017 жылы шілде айында марқұмның денесі қазып алынып, сот-медицина сараптамасы Юлдуздың туыстарының сөзін растады. Сондай-ақ, олар марқұмның бірнеше қабырғасы сынғанын анықтады. Юлдуздың өлімінен 9 ай өткеннен кейін ғана оның күйеуі Ёркинжан Нартаев «адам өлтірді» деген күдікпен тұтқындалды.

Сондай-ақ, тергеу барысында Юлдуз асылып қалған жіп жоғалып кеткен. Ал онда марқұмды өлтірген адамның биологиялық материалдары (май, тер және т.б.) қалған болуы мүмкін.

Сонымен қатар тергеу барысында Юлдузды асылып тұрған жерінен түсіріп алған Нартаев пен оның ағасы жіп ілінген орынға қатысты екі түрлі жауап берді. Бұл жайт тергеушілердің марқұмның күйеуінің кінәсіз емес екеніне кезекті реті күмәндануына себеп болды.

Ал Ёркинжан Нартаевтың анасы түрлі комиссия мүшелеріне барып, ұлының боастылуын талап етуде.

«Ол – өте жақсы. Ішімдік ішпейді, шылым шекпейді. Келінім өзі асылып қалды. Ал енді оның туыстары менің кінәсіз ұлымды түрмеге жапқысы келеді», – дейді Нартаевтың анасы.

Ендігі аталған істің нүктесін ауданаралық мамандандырылған сот төрағасы Дәурен Мадалиев шешетін болады.

Ал Юлдуздың артында қалған екі баласы әжелері Иззатайдың қолында қалды.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада тұрғындардың бірі сатып алған сүт көгеріп кеткен болып шықты (видео)

Семейде әуежайдың заңсыз сатылғаны анықталды

Шымкентте мешітке келген ер адамның 4 миллион теңгесін ұрлап кетті

Оңтүстік Қазақстанда дүниеге келген 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйға беріледі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар