Ақмола тұрғыны қайтыс болған туысының банктегі ақшасын шешіп алмақ болған

Көкшетауда қайтыс болған туысының банктегі ақшасын шешіп алмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

14 ақпанда Көкшетаудағы қалалық ІІБ бөлімшесіне жергілікті банктердің бірінің қызметкерінен хабарлама түскен. Ол алаяқтық жасамақ болған ер адам туралы хабарлаған.

Ер адам өзіне тиесілі емес құжатты пайдаланып, банктегі ақшаны шешіп алғысы келген. Алайда депозит иесінің қайтыс болғаны анықталыпты.

Жүргізілген тергеу жұмыстарының барысында депозит иесі күдіктінің туысы және Зеренді ауданының тұрғыны екені анықталды. Ер адам қайтыс болған туысының банкте ақшасы бар екенін білгеннен кейін, оның депозиттегі ақшасын шешіп алмақ болған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөліміне (қылмыс жасауға дайындық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да күйеуі мен енесі көрсеткен азапқа шыдамаған мұғалім асылып қалған

Қызылордада тұрғындардың бірі сатып алған сүт көгеріп кеткен болып шықты (видео)

Семейде әуежайдың заңсыз сатылғаны анықталды

Шымкентте мешітке келген ер адамның 4 миллион теңгесін ұрлап кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар