Қазақстандық үш боксшы Қытайдағы турнирдің алтынын алды

Жексенбі, 3 Сәуір , 2016 10:02

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко Қытайдағы лицензиялық турнирдің финалында Өзбекстандық Баходир Джалоловпен кездесіп 3:0 есебімен жеңді.

ывыв

Сурет vesti.kz

Сондай-аө, 64 және 75 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде сынға түскен Абылайхан Жүсіпов пен Жәнібек Әлімханұлы да алтын жүлде еншілей алды. Финалда Абылайхан Жүсіпов Моңғолиялық Чинзориг Баатарсухты жеңді. Ал Жәнібек Әлімханұлы қытайлық Мингганг Жаоны оңай жеңді. О

Ал қазақстандық өзге қатысушылар Әділбек Ниязымбетов (81) пен Дариға Шәкімова (75) күміс иеленсе, Олжас Сәттібаев (52), Қайрат Ералиевтер (56) қоланы қанағат тұтты.

Жалпы, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Рио олимпиадасына толық құраммен қатысатын болды. Олар: 49 келіде – Біржан Жақыпов, 52 келі – Олжас Сәттібаев, 56 келі – Қайрат Ералиев, 60 келі – Берік Әбдірахманов, 64 келі – Абылайхан Жүсіпов, 69 келі – Данияр Елеусінов, 75 келі – Жәнібек Әлімханұлы, 81 келі – Әділбек Ниязымбетов, 91 келі – Василий Левит, 91 келіден жоғары – Иван Дычко.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар