Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық сәнгер Лилия Рах ресейлік телеарнада "Модный приговор" телешоуын жүргізбек

Белгілі қазақстандық байер, сән сарапшысы және блогер Лилия Рах Ресейдің Бірінші арнасындағы "Модный приговор" телешоуының жүргізушісі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 Фото Лилия Рахтың Instagram желісінен

Сәнгер бұл жаңалығын 15 сәуірде Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Достар, сіздерге өмірімнің жаңа кезеңін бөліскеніме қуаныштымын. Енді мен "Модный приговор" бағдарламасының жүргізушісімін! Бірінші арнада кездескенше! Шын жүректен, Лилия Рах!", – деп жазды ол.

Желі жазылушылары сәнгерге құттықтау сөздерін жаудырды. 

“Қандай керемет жаңалық, құттықтаймын!”, “Керемет, біздің кезекті мақтанышымызға айналған жерлесіміз”, – десе, енді бірі сынай пікір қалдырды.



“Бұл сізге не үшін керек? Өміріңіздің ең жаман бастамасы болады”, “Одан күтпеген едім, шынымен ақшаның иісі шығып тұрған жоқ па?”, “Өзін сыйлайтын адам ресейлік Бірінші арнаға бармайды”, – деді олар. 

Талқылау