Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жыл басынан бері қанша адамның уақытша тіркеуге тұрғаны белгілі болды

Қазақстанда 2017 жылы екі апта ішінде 78 мыңнан астам адам уақытша тіркеуге тұрды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

1353190

Фото: Болат Шайхинов

“2017 жылы 13 қаңтарда тұрып жатқан мекенжайы бойынша 30069 адам тіркеуге тұрды, олардың 14523-і тұрақты мекенжайы бойынша, ал 15546-сы уақытша мекенжайы бойынша”, — деп хабарлады ведомствода.

7-13 қаңтар аралығында, министрлік мәліметіне сүйенсек, 157778 азамат тіркелді, олардың 79412-сі тұрақты мекенжайы бойынша және 78366-сы уақытша мекен-жайы бойынша.

Қабылданған заң бойынша, 7 қаңтардан бастап тіркеуі жоқазаматтардың айыппұл төлеуіне қатысты қоғамда дау туындап жатыр. Енді міндетті уақытша тіркеуге тұрмаған тұрғындар да, пәтер иелері де айыппұл төлеуге мәжбүр.

Заңды құрастырушылардың айтуынша, бұл заң уақытша тіркеуге орналасқан азаматтардың әлеуметтік көмектерді пайдалануына жол ашады. Сондай-ақ, бұл ереже заңсыз жалға берушілерді де анықтап, ішкі миграцияның бір жолға түсуіне жол ашпақ.

Үкімет басшысы iшкi iстер министрiне тiркеу шикiлiктерiне қатысты сын айтты.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Атырау әкімдігі қайтыс болып кеткен адамға жер берген

Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)

Сотталушы рақымшылықтан бас тартты

Талқылау